Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


y = f (k). k шамасы неғұрлым жоғары болса, y көрсеткіші соғұрлым  үлкен болады (12.2-сурет).  12.2-сурет



Pdf көрінісі
бет211/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309
Макроэкономика

y = f (k).
k шамасы неғұрлым жоғары болса, y көрсеткіші соғұрлым 
үлкен болады (12.2-сурет). 
12.2-сурет.  Жинақтар, инвестициялар жəне капиталдың қорлануы
Ескерту. Ордината осінде бір жұмысшыға келетін өндіріс 
көлемі, жинақтар мен инвестициялар, ал абсцисса осінде капи-
талмен қарулану шамасы көрсетілген. Жинақ пен инвестиция 
қисықтарының Е қиылысу нүктесіне капиталмен қаруланудың 
тұрақты деңгейі k* сəйкес келеді. Бұл жерде бір жұмысшыға 
келетін өндіріс көлемі оның тұрақты деңгейіне y* сəйкес келеді.
Суреттегі y = f (k) өндірістік функциясы жан басына шақ-
қандағы шығарылым көлемін сипаттайды. Өндірістік функ-
ция қисығының көлбеулігі капиталдың шекті өнімділігімен 
(МРk) түсіндіріледі, яғни кемімелі өнімділік заңына сəйкес, 
бір жұмысшыға келетін капиталдың мөлшері өскен кезде оның 
шекті өнімділігі төмендей береді, сондықтан да y = f (k) қисығы 
капи талдың қорлануы өскен сайын жатыңқырақ қисыққа айнала 
береді.
Жинақтың немесе нақты инвестициялардың қисығы i=sy 
формуласы негізінде құрылады, яғни y k-ның функциясы бол-
ғандықтан, ол былай жазылады:


296
i = sf (k).
Бұл формула негізгі макроэкономикалық теңдестікпен I = S 
байланыстырылады, яғни ұлттық экономика шеңберіндегі инвес-
тициялар жинақтауға тең. Үлгідегі s əрпі нақты іске асырыл-
ған инвестициялар немесе жинақтар деп түсіндіріледі. Жинақ 
қисығының кемімелі көлбеулі болуы жəне оның өндіріс көлемі 
y қисығынан төмен орналасуы жинақтау көлемінің ұлттық та-
быстың тек бір бөлігі ғана екендігімен сипатталады.
Бұдан кейін үлгіге сырттан үш фактор енгізіледі: 
1) халық санының өсуі (n), 
2) капиталдың тозуы немесе істен шығуы (δ), 
3) технологиялық прогресс (g).
Айталық, халық саны n қарқынмен өседі. Онда бір жұмысшыға 
келетін инвестиция шамасы nk-ны құрайды. k шамасы тұрақты 
болып қалу үшін халық санының өсуіне капитал шамасының өсу 
қарқыны сəйкес келуі тиіс. Алайда, біз екінші фактор капиталдың 
тозуын δ-ны естен шығармауымыз керек. Егер құрал-жабдық 
түріндегі капитал 25 жыл қызмет етсе, онда оның жыл сайынғы 
тозуы 1/25-тең, яғни капитал құнының 0,04 бөлігі немесе 4%. 
Олай болса, осы 0,04 саны δ шамасына тең. Енді халық санының 
өсуі мен капиталдың тозуын есепке алатын, бір жұмысшыға 
шаққандағы инвестиция мөлшері былай жазылады:
i = (n+ δ)k.
Осы көрсеткіштерді ескере отырып, Солоу бойынша дина-
микалық тепе-теңдіктің тұрақты жағдайына жету меха низмін 
қарастыруға болады. Егер жинақтар жоспарланған ин вес ти-
цияларға тең болса, онда Солоудың ойынша, экономика тұ-
рақ тылық жағдайында болады. Нарықтық күштердің ықпа лы- 
мен осындай тұрақтылықтың кез келген ауытқуы ең алдымен, 
икемді бағалар мен субститут-факторларға сəйкес экономика 
соңында бəрібірде тұрақты қалпына қайтып келіп отырады.
Жинақтар мен инвестициялардың қиылысу Е нүктесінде 
экономиканың тұрақтылық жағдайы сақталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет