Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет231/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   309
Макроэкономика

13.13-суретҚұбылмалы валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты


323
13.1-кесте. Валюта бағамының əртүрлі жүйесіндегі макроэко но-
микалық саясат
Тіркелген айырбас бағамы
Ақша-несие саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Бюджет-салық саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Макроэкономикалық көрсеткіштер
Y
e
Xn
Өзгермейді
Өзгермейді
Өседі
Төмендейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Құбылмалы айырбас бағамы
Ақша-несие саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Бюджет-салық саясаты
Ынталандырушы
Тежеуші
Өседі
Төмендейді
Өзгермейді
Өзгермейді
Төмендейді
Өседі
Өседі
Төмендейді
Өседі
Төмендейді
Төмендейді
Өседі
Басты қорытындысының мəні мынада, яғни ашық экономи-
ка жағдайындағы макроэкономикалық саясаттың нəтижелері 
маңызды дəрежеде валюта бағамының режиміне тəуелді болып 
табылады. 
Бюджет-салық саясаты ұлттық табысқа тек тіркелген валюта 
бағамы кезінде ғана əсер ете алады. Бұл осы саясаттың салда-
ры пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне жəне капиталдың сыртқа 
ағылуына немесе ішке құйылуына алып келуімен түсіндірі-
леді. Төлем балансының пайда болған оң немесе теріс сальдосы 
валюталық интервенциялар арқылы ақша массасының ұлғаю ына 
алып келеді. Содан бюджет-салық саясатының тиімділігі арта 
түседі. Құбылмалы валюта бағамы кезінде төлем балансының 
нөлдік сальдосы валюта бағамының өзгерісінен бұзылады, ба-
ғамның өзгеруі экспорт пен импортқа əсер ете отырып, бюджет-
салық саясатын тұрақтандырады немесе оның тиімділігін жоққа 
шығарады.
Ақша-несие саясатының тиімділігі де сол валюта бағамына 
байланысты болады. Тіркелген валюта бағамы кезінде ОБ ақша 
массасын өзгерту бойынша дербес саясат жүргізу мүмкіндігінен 


324
айырылады. Айналымдағы ақша санын өзгертудегі кез кел-
ген талпыныстар пайыз мөлшерлемесінің деңгейін өзгерте бе-
реді. Ол капитал қозғалыстарын өзгертеді жəне төлем балансы 
тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сыртқы тепе-тең дікті 
қал пына келтіру үшін, ОБ ақша массасының шамасын кері ба-
ғытта өзгертуге мəжбүрлі түрде шешім қабылдайды. Егер мем-
лекет тіркелген валюта бағамы тəртібінен бас тартса, онда ақ-
ша-несие саясаты ашық экономикадағы макрореттеудің тиімді 
құралына айнала алады. Оның тиімділігі былай түсіндіріледі, 
яғни ақша массасының ұлғаюы пайыз деңгейін төмендетеді. 
Ұлттық валютаның бағамы төмендеп, қосымша ынталандырушы 
тиімділік пайда болады.
Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэко номи-
калық саясатының тиімділігін арттырудағы мəселелерді шешу 
сол саясат құралдарының сəйкес үйлесімділіктерін қажет етеді.
Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тəртібін таңдай 
отырып, бір уақытта ішкі макроэкономикалық реттеудің құрал-
дарын да анықтап алуы тиіс. Жəне керісінше, ішкі макроэкономи-
калық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, ин-
фляциямен күрес, əлеуметтік көмек шараларын күшейту жəне т.б.)
анықтай отырып, қолданыстағы кез келген сыртқы макро эко-
номикалық саясаттың дəл осы мақсаттардың орындалуына ке-
пілдік бере алмайтынын да ескерген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет