325
лар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы; елдің ішінде өндірілген
тауарлар мен қызметтер экспорты.
3. Ашық экономиканы кіші (шағын) жəне үлкен (ірі) деп бөледі.
Кіші (шағын) ашық экономика –
кішігірім елдің экономикасы, оның
əлемдік нарығындағы үлесі аз ғана, ол əлемдік пайыз мөлшерлемесіне
айтарлықтай əсер ете алмайды. Сондықтан пайыз мөлшерлемесі сырт-
тан берілген, экзогендік түрде қабылданады. Үлкен (ірі) ашық экономи-
ка – оның ауқымына байланысты пайыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі
экономикалық процестер əсерінен қалыптасады. Ірі елдің экономика-
сы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия). Бұл елдер əлемдік қор жинағы
мен инвестицияның едəуір
бөлігіне ие болғандықтан, əлемдік пайыз
мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете алады.
4. Ашық экономиканың негізгі белгілері: ЖҰӨ-дегі сыртқы сальдо
квотасы; өндіріс көлеміндегі экспорт үлесі; тұтынудағы импорт үлесі;
ішкі инвестицияға қатысты шетелдік инвестицияның үлесі.
5. Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты жəне
құбылмалы айырбас
бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нəтижеле-
рін бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.
Манделл-Флеминг үлгісі бойынша шағын ашық экономика əлемдік
экономиканың тек аз ғана бөлігін құрайды,
сондықтан оның дамуы
үшін, барлық параметрлер əлемдік рыноктан, яғни сырттан беріледі.
Ашық экономика үшін Манделл-Флеминг үлгісі
ең алғаш рет ХХ
ғасырдың 60-жылдарында қалыптасты жəне ІS-LМ үлгісінің жетіл-
дірілген нысаны болып табылады. Екі үлгі де
қысқа мерзім кезеңін
жəне бағаның тұрақтылығы мен өндіріс көлемінің (жиынтық табыстың)
өзгеруін қарастырады. Олардың айырмашылықтары ІS-LМ жабық эко-
номиканы, Манделл-Флеминг ашық шағын экономиканы қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: