322
салдарынан валютаның құнсыздануы таза экспорттың өсуін ын-
таландырады жəне, сəйкесінше,
жиынтық сұраныс пен ұлттық
табыс ұлғаяды. Табыстың өсуі ақшаға деген сұранысты артты-
рып пайыз мөлшерлемесін өсіреді. IS қисығы оңға жылжиды,
яғни ішкі пайыз мөлшерлемесі əлемдік
пайыз мөлшерлемесіне
тең болғанша дейін жəне үш график бір нүктеде қиылысқанға
дейін жылжи береді. Тек осы нүктеде ғана капиталдың сыртқа
кетуі мен валюта бағамының төмендеуі тоқтатылады.
Сонымен,
құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық эко-
номикадағы ынталандырушы ақша-несие саясатының нəти-
жесі тиімді болып табылады, өйткені ұлттық табыстың өзге-
руіне айтарлықтай əсер етеді, яғни ұлттық валюта бағамының
төмендеуінен таза экспорт пен ақша массасының өсуі нəтиже-
сінде ұлттық табыс артады. Мұндай жағдайда ақша массасының
өсуі,
ішкі сұранысты емес, сыртқы сұранысты ынталандыра-
тынын айтқан жөн. Ішкі пайыз деңгейі алдымен төмендейді,
сосын бастапқы деңгейіне өседі жəне, сəйкесінше,
ұлттық та-
быстың ұлғаю факторы ретінде инвестиция емес, таза экспорт
қарастырылады.
Енді Манделл-Флеминг үлгісі
бойынша ашық экономикада-
ғы макроэкономикалық саясатты талдаудың негізгі нəтижелерін
төмендегі кестеге сəйкес қорытындылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: