Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


лыстырмалы артықшылықтар теориясын



Pdf көрінісі
бет239/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309
Макроэкономика

лыстырмалы артықшылықтар теориясын ұсынды. Ол өзінің 
«Принципы политической экономии» атты еңбегінде, егер екі 
елдің біреуі абсолютті артықшылыққа ие болмаса, онда елдер 
арасында сауданың қалай мүмкін болатындығын дəлелдеген.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – қандай да 
бір ел мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекет-
пен салыстырғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз бо-
латындай етіп жүзеге асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары 
деңгейде болады. 
Салыстырмалы артықшылықтар теориясында сыртқы сау-
даның шарты абсолюттік шығындар айырмашылығы болуы мін-
детті еместігін жəне абсолюттік артықшылық болмаса да сыртқы 
сауданың тиімді екенін пайымдады.
Д. Рикардоның ойынша, елдер салыстырмалы арзан тауарлар-
ды сыртқа шығарып (экспорттап), ал өз еліне қарағанда шетел-
дерде аз шығын кететін тауарларды əкелуі тиіс. Əр ел басқа елге 
қарағанда, абсолюттік шығындары жоғары болса да салыстыр-
малы шығындары төмен өнімдер өндіруге мамандануы керек. 
Оның мысалында екі ел қарастырылады – Англия мен Португа-
лия. Айталық, осы елдерде екі ғана тауар өндіріледі – шарап жəне 
мата. Бұдан басқа, Рикардоның үлгісінде жалғыз өндіріс факторы 
– еңбек қана қолданылады, сондықтан тауар өндіру шығындары 
еңбек шығындарымен (еңбектің адам-сағатымен) өлшенеді. Са-
лыстырмалы артықшылықтар принципі 14.1-кестесінде берілген.
14.1-кесте. Тауар өндірісіндегі салыстырмалы артықшылықтар 
(адам-сағатпен өлшенетін өндіріс шығындары)
Ел
Шарап
Мата
Англия
120
100
Португалия
80
90


334
Кестеден көріп отырғанымыздай, Португалия екі тауар өн-
дірісінде де абсолютті артықшылыққа ие болып отыр – Англия-
мен салыстырғанда бір бірлік шарап өндірісінде де, бір бір-
лік мата өндірісінде де еңбек шығынддары төмен. Егер осыны 
абсолютті артықшылықтар принципі тұрғысынан қарастыра-
тын болсақ, онда Португалия Англиямен сауда жасамауы керек. 
Бірақ бұл елдерде салыстырмалы шығындары бойынша жағдай 
басқаша қалыптасады. Португалияда шарап бойынша салыстыр-
малы шығындар 80:90 құрайды (бұл елде шарап өндірісі мата 
өндірісіне қарағанда салыстырмалы арзан), ал Англияда осы тауар 
бойынша салыстырмалы шығындар 120:100 құрайды. Енді осын-
дай арақатынастар салыстырылады: 80:90 < 120:100, сəйкесінше, 
Португалияда шарап өндірісі салыстырмалы арзан, ал Англияда 
мата өндірісінің салыстырмалы арзан екендігін байқауға болады.
Сондықтанда, осы елдер арасында халықаралық еңбек бө-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет