Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет238/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   309
Макроэкономика

Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезең ішіндегі 
экспорты мен импортының жиынтық көлемі.
Экспорт – тауарларды сыртқы нарықтарда өткізу үшін сыртқа 


332
шығару, сондай-ақ, шетелдерде шығарылған тауарларды кері экс-
порттау.
Импорт – ел ішінде пайдалануға жəне кері экспорттауға ар-
налған тауарларды шекарадан əкелу.
Мысалы, 2011 жылдың қаңтар айында ҚР-ның экспорттық 
құрылымы пайызбен есептегенде былайша көрініс тапты:
− минералды өнімдер – 70,5%;
− металлдар жəне олардан жасалған өнімдер – 19,0%;
− химиялық өнім жəне олармен байланысты өнеркəсіп са-
лаларының өнімдері (каучуктер мен пластмассаларды қосқанда) 
– 3,6%;
− мал жəне өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 
– 2,6%;
− машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар жəне ап-
параттар – 0,8%;
− өзгелері – 3,5%.
Ал 2011 жылдың қаңтар айында ҚР-ның импорттық құры-
лымы пайызбен есептегенде былайша көрініс тапты:
− машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар жəне ап-
параттар – 35,0%;
− минералды өнімдер – 17,7%;
− металлдар жəне олардан жасалған өнімдер – 14,2%;
− химиялық өнім жəне олармен байланысты өнеркəсіп са-
лаларының өнімдері (каучуктер мен пластмассаларды қосқанда) 
– 12,9%;
− мал жəне өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 
– 9,7%;
− өзгелері – 10,5%.
Халықаралық сауданың тиімділігі теориясына айтарлық-
тай үлес қосқан ағылшын экономистері А. Смит, Д. Рикардо, 
Дж.Ст. Милль болды. 
Адам Смит абсолютті артықшылықтар теориясының не-
гізін салды. Оның теориясы бойынша халықаралық сауда əр түрлі 
елдердегі тауар өндірісінің абсолютті шығындарының айыр-
машылығына негізделуі тиіс. 
А. Смиттің ойынша, əрбір ел басқа елге қарағанда, еркін 


333
нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға ма-
манданғаны дұрыс.
А. Смит əр елде белгілі тауарларды аз шығынмен өндіруге 
мүмкіндік беретін ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстар бар 
екенін атап көрсетті.
А. Смиттің абсолютті артықшылықтар теориясын толықтыр-
ған жəне əрі қарай дамытқан Давид Рикардо болды. Ол өзінің са-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет