330
14-тақырып.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯЛАРЫ.
САУДА САЯСАТЫ
Мақсаты: халықаралық сауданың
теорияларына сипаттама
беру, мемлекеттің сыртқы сауда саясатындағы негізгі əдістерді
қарастыру, сауда саясатындағы негізгі тосқауылдардың түрлерін
анықтау. Əсіресе, Қазақстанның əлемдік сауда жүйесіндегі алар
орны мен рөлін ашып көрсету.
Дəріс жоспары:
1. Халықаралық сауда: мəні, факторлары, теориялары.
2. Мемлекеттің сауда саясаты: протекционизм жəне еркін
сауда.
3. Сауда саясатындағы тарифтік жəне тарифтік емес шектеу-
лер.
4. Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіндегі алатын орны.
Негізгі түсініктер: халықаралық сауда;
абсолютті артық-
шылықтар теориясы; салыстырмалы артықшылықтар теориясы;
Хекшер-Олин теориясы; Леонтьев оғаштығы; Рыбчинский теоре-
масы; «Голланд ауруы»; Портер теориясы; протекционизм; еркін
сауда (фритредерстік); сауда саясаты;
кеден баждары; тарифтік
емес шектеулер; демпинг; эмбарго жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: