335
мүмкіндік жасайды, яғни мамандандыруды
іске асырған кейін
ашық экономикада жұмсалған 360 адам-сағат шығыны бастапқы
жабық экономикада жұмсалған 390 адам-сағат шығынынан аз бо-
лып отыр.
Рикардоның үлгісі бірқатар болжамдарға сүйенеді:
1) тек екі ел жəне екі тауар ғана қарастырылады;
2) еңбек сияқты фактор тек ел ішінде ғана өте икемді болып
табылады;
3) еркін сауданың орын алуы,
яғни сыртқы саудадағы экс-
порттық немесе импорттық жəне басқа да шектеулердің болмауы;
4) екі тауар өндірісінің балама шығындары тұрақты (график
түрінде, өндірістік мүмкіндіктер қисығы түзу сызықтық сипатқа
ие болады);
5) көлік шығындары қарастырылмайды;
6) тауар өндірісіндегі технологияның өзгеріссіздігі;
7) ресурстар бір-бірімен толық айырбастала алады.
Осы болжамдардың ең болмағанда біреуіне тоқталып өткен
жөн. Мысалы, көлік шығындарының болмауы.
Көліктік шы-
ғындар тауарлардың саудалануын анықтайтын аса маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Көлік шығындарын есепке
алу игіліктердің мынадай екі бөліп көрсетуге мүмкіндік береді –
Достарыңызбен бөлісу: