Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет255/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309
Макроэкономика

Қорытынды
1. Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруа-
шылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халық-
аралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық 
еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.
2. Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына əсер ететін 
факторлар мыналар болып табылады: əлеуметтік-жағ рафиялық; табиғи 
экономикалық; техникалық экономикалық фак торлар; ғылыми-техни-
калық прогресс. 
3. Халықаралық сауда теориялары меркантилистер мен физио-
краттардың, классикалық саяси экономия өкілдерімен дами түсті. 
Əсіресе, халықаралық саудада Д. Рикардоның салыстырмалы артық-
шылықтар теориясы маңызды орын алады, сонымен қатар А. Смиттің, 
Милльдің, Хекшер-Олиннің, Леонтьевтің, Портердің теориялары ха-
лық аралық сауданы ары қарай дамыта түсті.
4. Сыртқы сауданы реттеуде мемлекеттік жүргізетін эконо мика-
лық саясаттарын протекционистік саясат жəне еркін сауда саясаты деп 
бөледі.
5. Сауда саясатында қолданылатын тарифтік жəне тарифтік емес 
шектеулер орын алады. Тарифтік шектеуге кедендік баж салығы жатады, 
ал тарифтік емес шектеулерге лицензиялар, квоталар, еркін экспорттық 
шектеулер, демпинг, сауда эмбаргосы жатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық сауданың дамуына қандай факторлар əсер етеді?
2. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері қан дай?
3. Халықаралық сауданың қажеттілігі неде жəне сыртқы сауда 
ұтымы қандай?
4. Абсолютті артықшылықтар теориясының мəні неде?
5. Салыстырмалы артықшылықтар теориясының мəні неде?
6. Халықаралық саудада салыстырмалы артықшылықтар ұстанымын 
дамытқан теориялар қандай?
7. Қазіргі сыртқы сауданың құрылымы қандай?


356
8. Сыртқы саудадағы мемлекеттің саясаты қандай нысандарда жү-
зеге асырылады?
9. Сыртқы сауда мультипликаторы қандай экономикалық үдеріс-
терді сипаттайды?
10. Сыртқы саудадағы тарифтік жəне тарифтік емес тосқауылдар-
дың түрлері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет