Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Валютаның айырбас бағамы



Pdf көрінісі
бет287/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   309
Макроэкономика

396
Валютаның айырбас бағамы – əртүрлі елдер валюталарының ара-
қатынастары; бір елдің ақша бірлігі бағасының екінші бір елдің ақша 
бірлігі бағасына қатынасы.
Валюталық белгіленім – ұлттық жəне шетелдік валюта бағамын 
тіркеу.
Валюталық нарық – əртүрлі елдердің валюталары сауда-саттыққа 
түсетін нарық. 
Дебет – нəтижесінде ел сатып алатын құндылықтарға айырбас 
ретінде валютасы сыртқа кететін келісімдер жəне бұлар «минус» белгі-
сімен жазылады.
Девальвация – тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валю-
таның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету.
Дезинфляция – бағалардың өсу қарқынының бəсендеуі.
Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын 
ішкі бағадан төмен бағамен сатуы.
Дефляция – инфляцияға қарама-қарсы құбылыс болып табылатын 
баға мен шығындардың жалпы төмендеуі.
Дефолт – мемлекеттің банкроттыққа ұшырауы.
Дискрециялық бюджет-салық саясаты – үкіметтің арнайы 
шешім дері бойынша салық салуды, мемлекеттік бюджет сальдосын 
жəне мем лекеттік шығындар көлемін мақсатты бағытта өзгерту шара-
ларынан тұратын іс-қимылдар.
Дискрециялық емес бюджет-салық саясаты – үкіметтің ар-
найы ше шім қабылдауын талап етпей, автоматты тұрақтандырғыштар 
арқылы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өздігінен 
реттелуін қамтамасыз ететін еркін іс-шаралар кешені.
Евсей Домардың экономикалық өсу үлгісі – уақыт талабына сай 
жиынтық сұраныстың ұлғаюындағы жəне жиынтық ұсыныстың өнді-
ріс тік қуатын арттырудағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттей тін 
жəне ұзақ мерзімде толық жұмысбастылыққа жетуді қарастыратын 
қарапайым неокейнстік үлгі.
Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату жəне сатып алуды жүзеге асы-
ратын жұмыскерлер мен кəсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер 
көр сететін ұйымдар.
Еңбек нарығы – ерекше тауар – жұмыс күшін сату жəне сатып 
алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті 
жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет