Инфляциялық шиыршық (орама) – сұраныс инфляциясын
жəне ұсынысын инфляциясын туындататын факторлардың өзара бай-
ланысы мен əрекеттесуінің механизмі, яғни экономикада сұра ныс
инфляциясының да, ұсыныс инфляциясының да қатар орын алуы. Ин-
фляциялық ораманың айналуы үрдісінде экономикалық субъек тілер дің
инфляциялық күтімдері маңызды рөл ойнайды.
IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) – игіліктер нарығының
тепе-теңдігін сипаттайды жəне сол игіліктер нарығында туындайтын
нарық тық пайыз мөлшерлемесінің R жəне табыс деңгейі Y арасындағы
өзара қатынасты бейнелейді.
IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономи-
каның нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер
нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-тең-
дігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір мезгілде
тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық
пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік
береді. Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі
болып табылады.
Капитал қозғалысы балансы – тікелей жəне портфельдік инве-
стициялардан құралатын, ұзақ мерзімдік мемлекеттік жəне жеке банк-
тік займ дарды қамтитын, бұрын алған (берген) қарыздардың бір бөлі-
гін төлеу (алу) операцияларын қарастыратын, сонымен қатар қысқа
мерзімді капиталды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен міндеттеме-
лерді, банктік де позиттерді, банкаралық қарыздарды, қысқа мерзімді
несиелерді өзіне қосатын төлем балансының екінші бір бөлігі.
«Кейнс кресі» үлгісі – бағалардың икемсіздігі мен экономика ның
жұмыспен толық қамтылмағандығы жағдайында игіліктер нарығында
инвестициялар мен жинақтардың, жоспарланған шығындар мен
ұлттық табыстың жəне сəйкесінше, жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру арқылы тиімді сұранысқа қол
жеткізуді қарастыратын кейнстік қысқа мерзімді макроэкономикалық
тепе-теңдік.
|