Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет289/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   309
Макроэкономика

Жинақтаушы мекемелер – халықтың жинақтарын жинайтын жəне 
тұрғын-үй құрылысына инвестиция салу үшін ақша капиталын пайда-
ланатын ұйымдар.
Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың 
игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық жəне ой қабілеттіліктерінің 
жиын тығы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған 
мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі. 
Жұмыссыздық – еңбек ұсынысының еңбекке деген сұраныстан 
артып кетуі; еңбекке жарамды халықтың жұмыс таба алмауы немесе 
жұмыспен қамтылмауы.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмыс күшінің 
жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен жұмыс істемейтіндер санының 
со масына) қатынасы.


398
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – əлеуетті ЖІӨ-ге сəйкес келетін 
толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыз-
дықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық жəне құрылымдық 
жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетелдік тəжірибеде 
жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.
Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – жұмысты 
жоғалтудың психологиялық, əлеуметтік жəне саяси салдарлары. 
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары – табысты неме-
се табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуі-
нен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (əсіресе, жаңа 
ма мандық иелері үшін) көрінеді жəне сондықтан болашақта жалақысы 
жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.
Жиынтық жоспарланған шығындар (АЕ) – ашық экономикада 
үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің жəне сыртқы əлем 
субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жоспарлаған 
жалпы шығындары.
Жиынтық сұраныс (AD) – макроэкономикалық субъектілердің 
белгілі бір уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауар-
лар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта 
сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан 
жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағаның жалпы деңгейі-
мен өзара байланысын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет