Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Инвестицияға сұраныс қисығы



Pdf көрінісі
бет291/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   309
Макроэкономика

Инвестицияға сұраныс қисығы – пайыздық қойылымның кез кел-
ген шамасында салуға мүмкін болатын инвестицияның көлемін сипат-
тайтын графикалық көрініс.
Инвестициялауға деген шекті бейімділік (MPI – marginal propensity 
to investment) – жиынтық табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция-
лауға кететін шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
Инвестициялық банктер – бағалы қағаздарды шығару мен орна-
ластыру бойынша операцияларды жүргізетін, капиталдарды тартатын, 
салаларды инвестициялауға өз капиталдарын пайдаланатын ұйымдар.
Инвестициялық компаниялар – акциялары бар ұсақ компаниялар-
дың арасына өз акцияларын орналастыратын жəне қаржыларды эко-
но миканың əртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін 
пайдаланатын ұйымдар.
Инвестициялық шығындар (I) – фирма сияқты ірі макроэкономи-
калық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жылжымайтын мүліктер 
ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке сатып алушылық сұра-
ныстарын сипаттайтын АD-ның ең маңызды компоненті.
«Инвестицияны ығыстыру əсері» - мемлекеттік шығындардың 
кө беюі салдарынан пайыз мөлшерлемесі өсіп, оның инвестицияға əсер 
етуі.
«Импульс-таралу» механизмі – белгілі бір уақыт бірлігіндегі 
ұлттық табыс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сіл-
кіністердің жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері.


400
Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дəрежесі-
нің өсуі арқылы жəне нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің 
құнсыздануы арқылы бейнеленеді.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляцияны төмендетуге бағыттал-
ған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы.
Инфляциялық үзіліс – тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбас-
тылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін қысқарту үшін жиынтық 
сұраныстың (жиынтық шығындардың) кемуіне қажетті көлем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет