Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет300/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   309
Макроэкономика

Сақтандыру компаниялары – сақтандыру полистерін сату жо-
лымен ақша қаражаттарын тартатын, өнеркəсіп, сауда жəне көлік 


407
салаларының ірі корпорацияларын қаржыландырумен айналысатын 
ұйымдар.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы – қандай да бір ел 
мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстыр -
ғанда баламалы (салыстырмалы) шығындары аз болатындай етіп жүзеге 
асыруы керек. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.
Самуэльсон-Хикс үлгісі – тек игіліктер нарығында ғана үй шаруа-
шылықтары мен фирмалар сияқты экономикалық субъектілердің іс-
əре кеттерін қарастыратын қарапайым кейнстік динамикалық үлгі, 
мұнда барлық өзгермелі көрсеткіштер уақыт бірлігімен сипатталады
экономикалық субъектілердің тəртіптері статикалық күтімдер бойын-
ша қалыптасады, бағалар деңгейі мен пайыз мөлшерлемесі тұрақты 
деп болжанады. Модельде жиынтық сұраныстың толқу механизмі ак-
селерация принципі мен мультипликатор əсері арқылы түсіндіріледі. 
Сондықтанда, аталған үлгі басқаша «мультипликатор-акселератор 
əсері» деп аталады.
Сауда балансы – белгілі бір уақытта (ай, тоқсан, жыл) құндық 
сипаттағы енгізілетін жəне сыртқа шығатын тауарлар арасындағы 
арақатынасты көрсететін қандай бір елдің немесе əлемдік нарықтағы 
елдер тобының экономикалық жағдайынан хабардар ететін негізгі 
макроэкономикалық көрсеткіштердің бір түрі.
Сауда саясаты – тарифтер, квоталар жəне басқа да сыртқы эко-
номикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт пен импорт-
ты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы.
Сауда эмбаргосы – қандай да бір елдің басқа бір елге тауарлардың 
белгілі бір түрлерін экспорттауға немесе сол тауарларды импорттауға 
тиым салуы. Мұндай шектеулер экономикалық мүдделерді көздемейді, 
тек саяси себептерге байланысты жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет