402
ру. Көрсетілген бұл шара кедей жəне жағдайлары аса төмен елдерге тəн
құбылыс болып табылады.
Қор айнымалылары – уақыттың нақты бір мезетінде ғана өзгеруі
мүмкін өзгермелілер, яғни жылдың басына немесе соңына сəйкес келетін
уақытта қаралатын объектінің жай-күйі (мысалы,
белгілі бір уақытта
экономикада жұмыспен
қамтылған азаматтардың саны,
жұмыссыздар
саны, капитал көлемі, белгілі бір уақыттағы үй шаруашылықтарының
жинаған байлықтары, мемлекеттік қарыз, мүлік, т.б.). Қорлар белгілі бір
уақытта ғана анықталады.
Қорытынды баланс – сауда балансын, ағымдық операциялар ба-
лансын жəне капитал қозғалысы балансын өзіне қосатын жиынтық ба-
ланс.
Қосылған құн – шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды
шегергендегі өнімнің нарықтық құны. Кез келген тауардың құны шикізат
бағасы, басқару, жұмысшы жалақысынан тұрады. Сондықтан біз өнім
құнынан барлық шикізат пен материалдарға кеткен шығындарды ше-
герсек, онда қалған бөлігі қосылған құнды құрайды.
Құрылымдық бюджет тапшылығы – толық жұмысбастылық пен
нақты жұмысбастылық кезіндегі бюджет
тапшылықтарының арасын-
дағы айырмашылық, яғни ол толық жұмысбастылық пен нақты салық
салу жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары
арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: