Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет299/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   309
Макроэкономика

Өтімділік (ликвидтілік) – аса маңызды макроэкономикалық ка-
тегория ретінде ақшалармен тығыз байланысты, ол ақшаның ерекше 
қасиетін жəне белгісін білдіреді. 
Пайыздық қойылым – ақшаның альтернативтік құны жəне жинақ-
тарды ақшалай формада сақтауға байланысты жіберіп алған балама та-
быс.
Позитивтік талдау – ұлттық экономиканың нақты іс жүзіндегі 
əрекетіне талдау жасау болып табылады.
Проциклдік көрсеткіштер – жандану фазаларында ұлғаятын жəне 
құлдырау фазаларында қысқаратын экономикалық параметрлер. Оларға 
жататындар: өндірістің жиынтық көлемі, өндірістік қуаттар, ақша агре-
гаттары, ақша айналымының жылдамдығы, қысқа мерзімдік пайыз 
мөл шерлемелері, бағаның жалпы деңгейі, корпорацияның пайдасы, т.б.
Ревальвация – тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның 
бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату.
Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖІӨ-ді толық жұмысбастылықтың 
инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың 
(жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем.
Рыбчинский теоремасы – өнеркəсіптің қандай да бір саласында ин-
тенсивті түрде қолданылатын фактор ұсынысының өспелі сипатта көбеюі 
салдарынан сол салада өндіріс көлемі мен пайданың салыстырмалы 
артуы басқа бір салада қолданылатын сол фактордың қарқындылығын 
төмендетіп, өндіріс көлемі мен пайданың қысқаруына алып келетінін 
дəлелдейтін теория.
Роберт Солоудың экономикалық өсу үлгісі – халықтың өмір сүру 
деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының жəне ҒТП-тің əсер ету меха-
низмдерін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі. 
Рой Харродтың экономикалық өсу үлгісіэкономикадағы 
функционалдық байланыстарды сипаттайтын теңдеулерге жəне кəсіп-
керлердің психологиялық тəртіптерін талдауға сүйенетін, əрі инвес- 
тиция лық факторды есепке алатын теңгерімді экономикалық өсудің 
неокейнс тік үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет