Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет296/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   309
Макроэкономика

Макроэкономикалық саясат – əлеуметтік жəне экономикалық мə-
селелерді шешуге бағытталған шаралар мен іс-қимылдар жүйесі. 
Макроэкономикалық саясат құралдары – бір немесе бірнеше мак-
роэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жəне 
үнемі мемлекеттің бақылауында болатын экономикалық өзгермелілер.
Макроэкономикалық саясаттың объективті мақсаты – ұлттық 
эко номикадағы қарама-қайшылықтарды жұмсарта отырып, эконо ми-
калық тиімділік пен əлеуметтік əділеттілікті қолдау болып табылады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – экономикалық жүйенің 
баланс танған жағдайы, экономикалық жүйенің тұтас тепе-теңдігі.
Макроэкономиканың зерттеу объектісі – ұлттық экономиканың 
өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық табыс көрсеткіштері жəне 
қоғамның байлығы.
Макроэкономиканың зерттеу пəні – негізгі макроэкономикалық 
мəселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе 
ретіндегі əрекет ету заңдылықтары.
Манделл-Флеминг үлгісі – тұрақты жəне құбылмалы айырбас 
бағамы жағдайларында жүргізілетін экономикалық саясат нəтижелерін 
бағалау мақсатында қолданылатын шағын ашық экономика үлгісі.
Маржа – несиелер бойынша тағайындалған пайыздар (бұл пай-
ыздарды қарыз алушылар төлейді) мен депозиттер бойынша таға-
йындалған пайыздар (бұл пайыздарды банктер өз салымшыларына 
төлейді) арасындағы айырма.


404
Мемлекет – ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым қызметтері 
сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сектор, ол əдетте, пай-
даны максималдауды мақсат етіп қоймайды, халық шаруашылығының 
тиімді əрекет етуі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, 
мемлекет маңызды макроэкономикалық субъект ретінде игіліктерді 
өндіреді жəне сатып алады, салық салады, трансферттік төлемдер 
төлейді, ақша ұсынысын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет