409
ка жағдайында халықаралық сауда
қатынастарына араласа отырып,
ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру,
халықтың өмір
сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.
Сілкіністер (шок) – экономикада қандай да бір фактордың əсері-
нен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруі.
Сэй заңы – тауарлардың ұсынысы өзінің дербес сұранысын ту-
дыратын немесе өндірілген өнімнің
жалпы көлемі сол өндірілген
тауарлардың барлық құнына тең жəне оларды толық сатуға (сатып
алуға) жеткілікті бола алатын жиынтық табысты қамтамасыз ететіндігін
дəлелдейтін теория.
Табыстар саясаты – мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру мақ-
сатында жалақы мен бағаларды директивалық
шаралармен тікелей
бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.
Таза салықтар – жиынтық салықтар
мен трансферттік шығын-
дардың арасындағы айырма.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – тозған құрал-жабдықтардың орнын
толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің
жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: