408
Соңғы өнім – соңғы пайдалану үшін сатып алынатын
өнім.
Стагнация – экономикалық тоқырау
жағдайында өндірістің
тұралауы немесе тоқтап қалуы.
Стагфляция – өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық
пен инфляцияның қатар орын алуы.
«Сұраныс» инфляциясы – өндірістің
нақты көлеміне қарағанда
жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын жəне сатып алу-
шылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі.
Сұраныс сілкіністері – тұтынушылар
мен фирмалардың мінез-
құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен туындайтын
тұтынушылық жəне инвестициялық шығындардың өзгеруі.
Сыртқы қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін
шетелдердегі резидент емес тұлғалардан (үкіметтен, ұйымдардан, аза-
маттардан) алған қарыз сомалары.
Сыртқы орта (шетелдік сектор) – шет елдердегі экономикалық
субъектілердің жиынтығынан жəне шетелдік мемлекеттік институттар-
дан құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады жəне
сол отандық экономиканың өндірген
игіліктеріне сұраныс білдіреді,
экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы əлем секторы ұлттық
төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын анықтау үшін
зерттеледі.
Сыртқы сауда – тауарлар мен қызметтерді сырттан əкелуден
жəне оларды сыртқа шығарудан құралады. Əрбір елдің сыртқы сауда
нəтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құнынан
артық болса, онда оны сауда балансының оң сальдосы дейді. Керісінше
жағдай болғанда пассивті сауда балансын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: