Тиімді сұраныс – өзінің жиынтық ұсынысын тапқан жəне соған
сəйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі.
Толық жұмысбастылық – жұмыс күшінің жалпы санында 5,5%
жəне 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап
тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын
алады. Бұл көрсеткіштер əр елде əртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық
жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға бол-
майды.
Төлем балансы – əдетте, бір жыл уақыт аралығында резидент-
тер мен резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық жəне
қаржылық келімдер туралы статистикалық есеп-қисап.
Тренд – ұлғаймалы үрдіс нысанында көрінетін экономикалық
дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы.
Туынды (индуцирлі) инвестициялар – ұлттық табыстың өзге-
руіне байланысты жүзеге асырылатын тəуелді жəне ынталандырушы
инвестициялар. Автономды инвестициялар жиынтық табысты артты-
рып, соның өсуімен байланысты тəуелді инвестицияларды ынталанды-
рады. Мұндай инвестициялардың көзі болып əдетте, кəсіпкерлік пайда
табылады, ал соңғысы Y ұлттық табыстың өсуімен қатар ұлғаяды. Олай
болса, туынды инвестициялар да артады. Бұл жерде жиынтық табыстың
өсуіне орай, өндірістік инвестициялармен бірге, тауарлық-материалдық
қорларға жəне тұрғын үй құрылысына да инвестициялар артады. Де-
мек, экономиканың жандануы жағдайында ескі капиталдардың қоры
жаңартылады жəне тұрғын үйге сұраныс ұлғаяды.
Тұтынуға деген орташа бейімділік (АPC – average propencity to
consume) – үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерді сатып
алуға жұмсайтын қолда бар табыстарының бөлігі.
Тұтынуға деген шекті бейімділік (MPC – marginal propencity to
consume) – қолда бар табыстың кез келген өзгерісінде тауарлар мен
қызметтерге жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық үлесі.
Тұтыну шығындары (С) – үй шарушылықтарының тұтыну та-
уарлары мен қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын АD-ның
негізгі жəне ең үлкен компоненті.
|