413
жəне ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын
дайын өнімге деген бағаның өсуі мен
өндіріс көлемінің қысқаруын
білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.
Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) –
ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін)
төмендету жолымен елдегі экономикалық
белсенділікті көтеру
мақсатында жүргізілетін саясат.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (экспансиялық саясат
не-месе қазыналық экспансия) – қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы
циклдік құлдырауды жою мақсатында мемлекеттік шығындарды артты-
ру, салық салуды төмендету немесе, осылар арқылы біріктірілген құрас-
тыр ма шаралардан құралған іс-қимылдар кешені. Басқаша, бұл белсенді
фискалдық саясат деп аталады.
Ішкі қарыз – мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін ел
ішіндегі резиденттерден алған қарыз сомалары.
Ішкі тепе-теңдік – толық жұмысбастылық
пен инфляциясыз
жағдай дағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі.
Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге
қатысты факторлар. Оларға əдетте
тұтыну мен инвестицияны жат-
қызады. Сондықтан бұл бағытта экономикалық циклдің мəселелері
сұраныс теориясы, мультипликатор-акселератор
механизмі арқылы
зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: