Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет114/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
150 
баққан жаңағы шалдың өзі анау. Аспанды асасымен тіреп тұрғандай 
бетіне дұрыстап көзін де салмады. Кісіге ісің түскеннен артық қорлық бар 
ма? Өзі де сол дүниеде кіріптарлықтан асқан қорлық жоғын біліп, 
қаршадайынан билікке таласпап па еді? Құл болып бас игеннен, қуғында 
жүргеннің өзін көп артық көрмеп пе еді. Сол үшін талай ажалдың аузына 
барып қайтпап па еді. Оның ешқайсысын осы кезге дейін ұмытқан жоқ. Əлі 
күнге дейін сол есіне тускенде шор боп біткен əлдебір ескі жарасы 
сыздап, сүйек-сүйегінің бəрі туп-түгел сырқырап қоя береді. Бірақ 
кіріптарлықтан, құлдық ұрғаннан өз басы аза бойы қаза бола тұра, алдына 
келген қайсы монтаны бастың мүддесін түсініп көрген еді, қайсысына 
шындап көңілі құлап еді. Асқақтай кірген астам басты ашуына жем 
қылса, жер сүйіп, аяғын құшып келген қор басты жиіркене тұрып 
мүсіркемеуші ме еді. Онысын қай бір қайырымдылық қысқаннан істейді 
дейсің, падиша атағына дақ салдырғысы келмей істейді де. Жалба-жұлба 
қайыршыға жаны ашып емес, жарлылық титықтатқан мүскіндердің көзің 
шайлығар қор кейпі мен мұрын тыжырынтар нас иісінен тезірек 
құтылғысы келген кəріп немелердің қайыр садақасындай əншейін көз 
алдартқан мезірет қой. Бəлкім, қиқар шал бұған кісіге кіріптар болғанның 
қандай екенін білсін деп, манағының бəрін əдейі істеген шығар. Көп 
асқанға бір тосқан дейтін құннің бұған да келгенін сездіргені болар. Бірақ 
соны дəл манағысындай кергімей-ақ, кейуана кейіппен де жеткізуге 
болмайтын ба еді. Бұрын қандай қарлы-қаратау қиын шаруамен барса 
да, кейуана қалпын бұзбай, кең отырып қабылдаушы еді ғой. Пəлен 
күннен бері ең алдымен кімнің жүзінен көрер екем деп алаңдап жүрген 
сол бір жексұрын кекесінді, айызы қанған дұшпанның ғана жүзінде тұрар 
арсыз табаны елден бұрын құдайдан соңғы жаңғыз жанашырым деп 
жүрген өз пірінен көргені ме? Иə, былайғы мыстан тобыр, бұның қырағы 
көзінен мұқият жасырып баққан жымысқы табаны ешқандай күлбілтесіз 
жарқыратып жайып салды, – тіпті «аруақ ренжіткен жерің бар» деп өз 
аузынан айтып та тастады-ау? Аруақ ренжіткені – Кіші ханым жайлы 
айтылып жатқан əңгімеге құлақ аспаған қалып танытқаны ғой. Пірдің 
ойынша, əзəзіл арбаған ұрғашының күнəсін жасырғаны өз төсегіне 
жұққан ыбылыс ластықтың сатпақ дағын ойып алып тастаудың орнына
жұрт көзінен алақанымен басып көлегейлеп баққаны. Бұл сонда не істеу 
керек еді? Кіші ханымды талақ тастаса, арғы-бергіде ешбір падиша 
істемеген масқараны бұл істеген боп шығар еді, халық алдында қайдағы 
бір қаңғыма қара сүйек көзіме шөп салды деп өз аузынан мойындағаны 
болып шығар еді. Сонда манағы қиқар шал бұған ездің езі істемеген 
есуастықты істемедің деп өкпелей ме? 
Онда хан күнəкар ханым мен оның ашынасын емес, өзін масқаралаған 
боп шықпай ма? Сонда пір күнəкарлардың жаза шеккеніне емес, бұның 
өзінің табаға ұшырағанына құштар болғаны ма? Ондайға Кіші ханымның 
жер болғанын қалайтын, соның жолында бұл масқараға ұшырап жатса, 
қайғыру орнына қуанатын Ұлы ханым барса барар, бірақ бұның өзі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет