Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет109/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
145 
қиғанмен де, абыройына дақ түсірмейтін бұйрықты тауқыметтерді. Ол 
осынша масқараға ұшы-райтындай жаратқанға неден жазып қалып еді. 
Жазғаны алла тағаланың өзі бұйыртқан тəж бен тақтың абыройын 
қорғағаны ма? Талай күпірді жазмышқа бағындырып, талай кəпірді 
пайғамбардың жасыл туының астына жыққаны ма? Не істесе де, сəл 
тойынса, тəңірін танымай кететін қара тобыр таңғалмаса, табалай 
алмайтындай қып істеуші еді ғой? Өмір бақи сол бір нəпсі құлдарының қор 
көкіректері оңай кесіп-піше салатын оңай атау, оңай өлшемдерден қашып 
бағушы еді ғой. Əлде сол жұрттың бəрі ойламағанды мен ойласам, бəрі 
істемегенді мен істесем деген дəмесі күпірлік болды ма? Мүмкін, күпірлік 
болса болар, бірақ нəпсі деген нəйіс сөз мұның əлгіндей асқақ дəмесіне 
атау бола алмайды. Жоға, тəйірі... Күпірліктің де арғы төркіні нəпсі 
болатұғын. Кісіні күпірлікке қашан да тойымсыз нəпсі бастайтын. Астам 
өкімет, артық қатыгездік түгілі орынсыз сахилықтың өзі күпірлік. Барша 
күпірліктің ар жағында ындыны қанбас тойымсыз құштарлық жататын. 
Мақтан сүйгіштік, лəззат құмарлык,, бақ құмарлық -бəрінің атасы бір. Ер 
жүрек бау кеспе ұрының төсегі құр тұрмас салдақыдан ешқандай 
артықшылығы жоқ болатын секілді, өз қолындағы өкіметті орынсыз 
қызықтайтын падишаның да сол борбайын бұлдаған арзымсыз ұрғашыдан 
айырмасы шамалы. 
Ендеше бұның қолындағы шексіз билік, атақ-даңқ, абырой – бəрі-бəрі жел 
етек ұрғашының бетіндегі арзан шырайдай, дүние қоңыз саудагердің 
қолындағы сасық дəулеттей, баянсыз фəнидің аз кіндік алданышы ғана 
болып шықты. 
Ал сонда түсінде күлді көмеш фəни тіршілікте күнəға талай батқан 
былайғы жұрттың ешқайсысына бүлк етпестен тып-тыныш жатқан 
қағбаның қасиетті қара тасының бұл жуып кетсе болды, маңайлатпай, 
сырғанақтап шыға келетіні несі? Əлде ар жағындағыны айтқызбай білетін 
жаратқан иенің қырағы көзі бұның көкірегіне мықтап орнығып алған өзі 
тектестерге менсінбей қарайтын астамшылық сезімді аңғарып қалды ма 
екен? Ендеше, қасиетті қара тастың əлгі қылығы бұны басыңа алтын тəж 
киіп, астыңа алтын тақ мінгеніңмен арғы түбің ұрғашының етегінен 
шыққан өзегі қуыс пенде екендігіңді мойындамайтының бар, пенделердін 
пендешілігі ғана кешірілетін жерге құлдық ұрып несіне келдің деп 
кұстаналағаны болды ғой. Олай болса, қартайған шағында дүниеден 
баз кешіп, тақуалық құрып кеткен бағзы падишалар жалба-жұлба дəруіш 
тірліктен қандай жұбаныш тауып жүр. Бəлкім, олар əлгіндей пақырана 
күйге былайғы пенделердей істеген күнəмызға кешірім алар ма екенбіз 
деп емес, бойларынан күш, сөздерінен кие кеткен шақтарында қара 
тобырдың көз түрткісіне ұшырамайық деп түсетін шығар. Өйткені, пенде 
пақыр өзінен үстемге де, өзінен төменге де бірдей кешірімді ғой. Өзінен сəл 
жоғары тұрсаң, етегіңді сүйіп, аяғыңа жығылады, бірдеңе десең «лəббай 
тақсырлап» құлдық ұрады; ал енді өзінен гөрі халің мүшкілдеу бейшара 
болсаң, ет жүрегі елжірей жөнеледі, не десең де: «Қайтсін байғұс, оңай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет