Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет111/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
147 
Жолбарыс құлағын жымып тақала түсті. Кенет жо-нын күдірейтіп жата қалды. 
«Қазір атылатын шығар» – деп ойлады Əмірші. Анау топырақты мытып қысып 
алған пышақ тырнақтар қазір мұның өңешіне жармасады. Анау үн-түнсіз 
ақсиған тістер қазір мұның шекесінде ойнайды. Кенет жолбарыстың жон 
арқасы дір ете қалды да, мұның оң жақ иығына мойнын бұрды. 
Бақса, бұның нөкерінің бірі жұлге бойына шыға кеп, жолбарысты көріп 
абдырап тұрып қалыпты. Бір уақыттарда барып есін жиып, жалма-жан 
садағына жармасты. Əмірші жанында жатқан садаққа сонда қол созды. 
Қанды ажалға кезеніп тұрған некер жігіт тарғыл тағының орнынан атыла бере, 
сылқ құлап түскенін көрді. Айран асыр қап қаруын төмен түсіріп еді, аспай-
саспай садағын асынып жатқан Əміршіні көзі шалды. 
Əмірші жайлап басып жайрап жатқан олжасының қасына келді. Қақ жүректен 
оқ тиген жолбарыс атылуға мұршасы болмай, жер бауырлап жанталасып 
жатыр. Əмірші тосыннан тап болған өз ажалының ойда жоқта мүлт кеткеніне 
өкінді ме, əлде өз қанына өзі малшынып азап тартып жатқан аң сұлтанын 
аяды ма, күрсініп қойды. Артынша-ақ, неге екенін өзі де аңғармай бір мырс етті. 
Шамасы, тарғыл тажалды нөкерінен бұрын өзі атып түсіргеніне масаттанып 
тұрса керек, əйтпесе ол сығырың ертең Əміршіні ажалдан өзім арашалап 
қалдым деп кеудесін қағады ғой. 
Əмірші өзек бойынан шықты. Ат ұстап тұрғандар жалма-жан жұлге бойына 
жүгіріп барып, Əмірші атып алған жолбарыстың терісін сыпырып, қауқылдасып 
жатты. 
Сол бір кеу-кеу əңгіме, ұлы падиша туралы жаңа лақап, сол күні аң қуа 
барғандардың аузынан түскен жоқ. Ертеңіне Əміршінің тосын пəрменімен 
Байтақ ша-һарға қайтып келе жатқанда да айтқандары тек сол болды. 
Əмірші жақ ашқан жоқ. Томсарған күйі ой үстінде келеді. Кештетіп шаһарға 
жетті. Əмірші сарайға оралған түні де таң атқанша төңбекшіп шықты. 
Аңшылықта жүріп көрген түсі мен қапияда тап болып оққа ұшқан жолбарыс 
онсыз да шытырманға айналып бара жатқан тіршілігін бұрынғыдан гөрі де 
түсініксіз, бұрынғыдан гөрі де жұмбақтандырып жіберген тəрізді. 
Не де болса, бір шешімге бел буатын кез жетсе керек. Жаратқан иенің туралап 
жіберген ажалынан да өзі арашалап қалғанына қарағанда, бұдан бір 
түбегейлі шешім күтетін тəрізді. Бірақ ол қандай шешім болмақ... Түсінде 
көргеніндей – басындағы тəжді тастап, сəлде ора дей ме... Əйтеуір, мынау 
сарайдағы бұқпантай тірлік бұны мезі қып бітті. Не де болса, пірге жолығып, 
түсін жорытпай болмайды. Көптен бері ат ізін салмап еді. Өкпелеп те қалған 
шығар. 
Ертеңіне күн қызбай тұрып, күймеге отырды. Байтақ шаһардың оңтүстік шығыс 
бетіндегі қаспақ-қаспақ қыраңдарға қарай беттеді. Мынау алқап та əлгі түсінде 
көрген өлкеге өте-мөте ұқсайды екен. Мұнда да күйген бауырдай қоңыр 
шоқылар. Мұнда да шілде сорып тастаған кебірдің күңірсік иісі аңқиды. 
Жағалай иін тіресе қалған қырпық-қырпық қотыр тастар мен қатпар-қатпар 
кебіртек жалдардың қақ ортасына жападан-жалғыз оқшау қонжиған қара 
шоқының басына қонып отырған алып самұрықтай қара жартастың құбыла 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет