Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
149
қалса, əбден қой балшықтанып кеткен қақтың суындаи көпс жылтыраитын
кішкене көзін адырайтып ашып алады. Əмірші анау күнгі түсі мен
тосыннан тап болып, бірақ шаппаған жолбарыс жайын айтып берді де,
пірінен үнсіз жауап тосты.
Пірі сəлдей ойланған болды да, сығырақ көзінің бір қиығымен бұған қарап
қойды. Сосын отырып-отырып барып:
– Жаратқан ие, ата-баба, желеп-жебеуші əулие-əмбие бар-бар уақытта
пендесінен не дəмететінін ашып айтпайды. Ал мүсіркесе, ақыл қосса, ол
тұспалдары соқырға таяқ ұстатқандай сайрап тұрады. Кие үркіткен, аруақ
ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан,– деді де тыйылып қалды.
Енді жақ ашпады. Қолындағы асасын топыраққа нұқи қадап, тарамыс
мойнын ілгері созып, жүзін тағы да құбылаға тіктеді. Бұл «сөз бітті,
ендігісін өзің біл» дегені екенін Əмірші аңғарып қалды. Бірақ қай уақытта
да алды суық кəрияның бұған мына бүгінгідей əуелеп қараған
астамшылығын бұрын ешқашан байқамаған-ды. Бүгінгі əр қимылы
жүрегіне тікендей қадалып отыр. Бірақ сабыр қылып, сыр байқатпай,
тағзым етіп орнынан тұрды. Жаңғыз аяқ соқпаққа беттеді. Пірі сол баяғы
мелшиген қалпы қала берді. Ақыл да қоспады, бата да бермеді; бұрын
бұны жасырақ кезінде мүсіркеп, маңдайынан сипайтын əдеті болушы еді;
бұл жолы оның жүзінен аспандай қараған астамшылық пен
қазымырлықтан басқа ештеңе байқамады.
Əмірші онсыз да қиын жолдан бұл жолы тіпті ауырлап түсті. Мынау
жаппай тұнжырап тұрған əбеқоңыр алқаптан тезірек шығып кетуге
асықты. Біраз жерге ұзаған соң, артына бұрылып еді, бұған желкесін
беріп, бүк түсіп жатып алған қара шоқыны көрді. Əмірші содан сарайға
жеткенше ешқайда көз салған жоқ.
Сарайға жеткен соң да көп уақытқа дейін əлдеқандай бір тымырсық ашуға
булығып, өзіне-өзі келе алмады. Абажадай кең сарайға əрлі-берлі
сенделіп жүруге манағы шоқыға шыққанда шаршап қалған аяқтары зіп-
зілдей боп көтертпейді. Бір жерге тынығып отырайын десе, аяғының
астындағы алабажақ кілем емес, өңшең быжырлата шаншып қойған тебен
ине сияқты. «Құтылып шығар айла-амал табылмастай тығырықтан қаш».
Ғұмыр бойы тұтынып келген осы қағидасы да күпір боп шықты. Енді,
міне, шаршы əлемді астына басқан алтын тəжді падиша басымен күйеуі
үстінен шыққан опасыз əйелдей, қолға түскен ұрлықшыдай дымы құрып
дағдарып тұрысы мынау. Ақыл қоспақ түгілі, іштегі құсасын айтып
сырласатын да ешкімі жоқ. Дəл қазір мынау Байтақ шаһардың
сыртындағы құладүздің əлдебір жерінде санаулы ғұмырының қалған
күндерін итшілеп өткізіп жатқан соқыр жігіт те, тас зынданда зарығып
отырған бас шебер де, төрт қабырғаның арасына қамалып, құса боп
жүрген Кіші ханым да - бəрі де бұдан жақсы. Олар, ең болмаса бастарына
түскен бақытсыздығы үшін реніш артар біреулері бар ғой. Бұл кімге
ренжи алады? Басындағы Қап тауындай қасіретті кімнен көреді? Алтын
тəжді падиша хақ тағалаға реніш жүре ме? Тəңірі түгілі киелі үңгірді
|