Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет31/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
67 
тұрмайын дегендей, ту-ту əріге сырғып бара жатқандай. Жаңа ғана 
буалдыр кіреукенің тасасында бұғып жатқан сарғыш, сұрғылт кеңістік 
кенет бас көтеріп, мынау төңірегін жасыл жолақ көмкерген түйе 
қотырдай оқшау ойдым алқапқа жан-жағынан ентелей төніп келеді. 
Бұл бір кірпіш биіктеген сайын, сол бір жағалай қоршап, жапыра қамап 
келе жатқан жойқын қол бірте-бірте жақындай түсті, жолындағы 
ербиген-ербиген тал мен яселекті, сонадайдан сойқансып сорайып-
сорайып тұрған мұнаралар мен көк күмбез мешіттерді, шымнан соққан 
шымқай сұр үйлерді таптап өтетіндей, жан-жағынан төніп-төніп келіп 
қапты; сол бір бірте-бірте далия түскен құба сұр кеңістік мынау көп 
кесектің қоршауындағы бұны, жапан түзінен айрылып, жалқы жүрген 
бейбақты, құтқарып алуға құлшына ұмтылып келе жатқандай... 
Қашан күн батып, көз байланғанша мұнара басынан түскен жоқ. Ертеңіне 
таңертең де мұнараға жеткенше асықты. Содан бір апта бойы альш ұшты 
да жүрді. Мұнараға жеткенше, Байтақ шаһардың сыртында шалқып 
жатқан шалқар кеңістікті қайта көргенше, дызығып жаны қалмайды. 
Бірақ ұлан-асыр кеңістік сол баяғы керілген күйі жатып алады. Жаппар 
күні бойы кекжиекте қырық құбылып жөңкіліп жүрген көк сағымның 
арылғанын күтеді; бесін ауа сағым қайтып, көкжиек аршылғанда, сол 
баяғы бері де келмей, əрі де кетпей, сұлық көлбеп жатқан шөлді көреді де, 
көңілі құлазиды. Ол да мынау безер шаһардай мұның шарқ ұрған қиялын 
жіпсіз тұсап-матап, бұның көргісі келген, көңілін құрт боп жеген таныс 
аймақты əлдебір қалтарысына тығып ап, түк білмеген, түк көрмегенсіп 
бедірейе қалыпты. 
Енді оған бір аптадан бері ұшпаққа шығарғандай қып қуантып жүрген 
мұнара басы да көңілін құлазытып, жерінте бастады. Бұрын мұнара оның 
мынау жан-жағынан қоршап ап, өкпесін сығып бара жатқан құрдым 
қапастан көл-көсір бостанға қашып құтылатын жалғыз жолы сияқты еді. 
Енді, міне, шаһардың күңірсік қапасынан алып шыққанмен, сонау бедерсіз 
кеңістіктің тылсым самарқаулығынан, тас бауыр селқостығынан арылта 
алар қайран онда да жоқ екен. Баяғыдан бергі бір елі биіктесе де, тау 
басына шыққандай мəз-мейрам боп, тынымсыз тырбанғанының бəрі 
əншейін зая бейнет боп шықты. 
Бүгінде ол өзін есек дəмемен айдын судан тас тастап өтем деп, бір қауым 
жерге дейін өткел салып келуін келгенмен, ұлан-асыр көк телегейден 
бəрібір өте алмайтынына көзі кеш жетіп, кері де кете алмай, ілгері де баса 
алмай, су ортасы құрдымда қалған қайрансыз жандай сезінеді. Жаппар 
енді таңертең жұмысқа келе жатып, алдында жер бетінен сорайып 
шыққанымен, зеңгір аспанға жете алмай, орта жолда қалған опырық 
мұнараға аңтарыла қарайтын болды. 
Мұнараның басына өкпесі өшіп, шаршап шығады. Аттаған сайын жіліншігі 
жеміріліп бара жатады. 
Жұмысы да өніп жарымайды, май қалақты қолына керенау алады. Күн 
көзі аяғына жем түскендей, жылжымай тұрып алыпты. Шаһар сыртында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет