19
т-қыз, кел-тір-т сипатында жұмсала береді. Төртіншіден, етістер бір не бірнеше субъектінің
(кейде нысанның да) қимыл-қозғалыстық, іс-əрекеттік қарым-қатынасын анықтап, жаңа номи-
нативтік мəн туғызады. Морфология ғылымындағы осындай іргелі, теориялық мəнді мəселе-
лерде Нұржамал апайдың өзіндік ғылыми пайымдаулары мен тұжырымдары мол, əрі ғалым өз
пікірін
салмақты саралап, жаңаша ой қорытындысын жасайды.
Өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап, қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
жеке сала
ретінде қалыптаса бастады дейміз. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты авторлық
ұжым жариялаған монографиялық зерттеу бұл саланың қалыптасуының басты ғылыми-тео-
риялық негізін қалап, негізгі метатілін, терминдер жүйесін жасады. Зерттеуде профессор Н.
Оралбай сөзжасамның басты теориялық ұғымдарын зерделеп, көптеген терімсөздерді бірін-
ші рет қолданысқа түсірді. Мəселен, қазіргі қазақ тіл білімінде белсенді қолданып жүрген
сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық
тұлға сияқты терімсөздер профессор Н. Оралбай жасаған, ғылымға енгізген атаулар.
1988 жылы Ə.Ибатовтың «Қазақ тіліндегі туынды сөздер сөздігі» мен Н.
Оралбайдың
«Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» монографиясы жарыққа шықты. Бұл
қазақ сөзжасамының жаңа ғылыми белеске шығуына үлес қосқан еңбектер еді. Апай бұл
еңбегінде қазақ тіл білімінің сөзжасам жүйесіндегі кейбір теориялық қисындарды айқындап,
алғаш рет əдеби тілдегі сан есімнің сөзжасамдық қалыбын көрсетті. Сан есім сөзжасамының
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдері арқылы жүзеге асатынын нақтылы дəлелдер-
мен жазды. Күрделі сандардың тірек сыңарын айқындау арқылы сөзжасамдағы сыңарлар-
дың мағыналық шегінің арақатынасын анықтады.Біздіңше, ғалымның «тірек сыңар»
туралы
айтқан идеясы осы еңбекте ғылыми зерделеніп, сан есімдер дерегімен дəйектелген. Автор,
«ондық пен бірлік араласқан сандарда тірек сыңар бірінші орында», ал «жүздік, мыңдық пен
бірлік араласқан санда тірек сыңар екінші орында тұрады» деген қисын келтіреді [4, 96-97].
Қазақ тілінің грамматикасында, əдетте, сөздің мағыналық құрылымын талдауда оның екі
мағынасы айқындалады: грамматикалық мағына жəне лексикалық мағына. Аксиомаға айна-
лып кеткен бұл теорияның бастауында Қ. Жұбанов, К. Аханов сынды ғалымдар тұрғаны бел-
гілі. Н. Оралбай сөздің мағыналық құрылымында лексикалық жəне грамматикалық мағына-
мен бірге, сөзжасамдық мағынаның болатындығын жəне сөзжасамдық мағынаның өзіндік
басты
ерекшеліктерін талдап, алғаш бөліп көрсеткен ғалым. Автор «Қазіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі» атты зерттеуінде сөзжасамдық мағына мен оның сөзжасам саласындағы
негізгі мəселе екені туралы айтады. Сөзжасамдық мағынаның лексикалық деривация жəне
синтаксистік деривация болып бөлінетінін жазады.
Профессор «Туынды түбір сөзге қатысқан екінші сөзжасамдық бірлік яғни жұрнақтар-
дың да өзіндік қызметі бар, ол туынды сөзге сөз табылық мағына қосады» деп жазады[7]. Бұл
морфологиялық бағдармен айтылған дұрыс пікір.
Сөзжасам процесіндегі
басты меже жаңа атау жасау, туынды сөз туғызу. Халық таны-
мына сəйкес пайда болған ұғымды таңбалап, оған жаңа мəн беріп, екіншілік мағыналы атау
туғызу. Cөзжасамдық мағына – туынды сөздің семантикалық
құрылымын құраушы тұлға-
лардың мағыналары нəтижесінде пайда болатын ерекше мағына. Жаңадан аталатын зат пен
құбылысты таңбалауда, оның денотаттық жəне сигнификаттық мағынасы номинативтік бел-
гілері арқылы көрініс табады. Ал бұл номинативтік белгілер туынды сөздің құрамындағы
барлық сыңарлардың мағынасы негізінде туындайды.
Сөзжасамдық мағына – күрделі əрі ерекше сема. Оның күрделілігі құрамында тұлғалар-
дың семалық құрамымен байланысты. Денотаттық жəне сигнификаттық мағынаның қалып-
тасуында сөзжасамдық тұлғаның барлық семалары қатысуы шарт емес. Белгіленетін зат не
құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне байланысты түбір не негіз өздерінің ерекше
семалары арқылы жаңа екіншілік сема қалыптастырады. Бұл қалыптасқан ерекше сема туын-
ды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасын құрайды.
20
Демек, сөзжасамдық мағынаның тілдік табиғаты лексикалық жəне грамматикалық мағы-
надан ерекше екені анық, əрі сөз мағынасының семантикалық құрылымын құраушы тұлға-
лардың нəтижесінде жасалып, оның негізгі семалық сипатын танытады.
Баянауылдық ару,
филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбай
бүгінде тоқсанның төрінде. Қазақ тілінің грамматикалық құрылымын зерттеуге бар ғұмырын
арнаған қазақ қызының бүгінгі арманы да қазақ тілінің болашағының мəңгілік болуы. Апай-
ға
денсаулық, амандық тілейміз.
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/
2. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. –Алматы,
1975.
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. -Алматы, 2007.
4. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы: Мектеп,
1988.
5. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы. 1986.
130 б.
6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы: Ғылым, 1989. 367 б.
7. Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: