25
етістіктер мəселесін қозғап, осы тілдік категорияның жасалуы жөніндегі ғылымда қалыптасқан
түрлі қате түйіндерден оны арылтып, күрделі етістік мəселесін жаңа бағытта саралаған. Ғалым
сөзжасам мəселесін зерттеуді жалғастыра келе, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти-
тутының 1997-1999 жылдардағы жоспары бойынша «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» атты
бір томдық еңбектің жетекшісі жəне негізгі орындаушыларының бірі болды. Сондай-ақ ғалым
қазақ тіліндегі сан атауларының жасалу жолын, үлгілерін арнайы зерттеп, ол туралы жазылған
алғашқы монографияавторы да. Нəтижеде мол тер төгу барысында академик Н.Оралбайқы-
зы қазақ тіл білімінің грамматикалық теориялары мəселесі бойыншатүрлі зерттеулер жүргізе
келіп, қазақ тіліндегі грамматикалық бірліктерді анықтау, оның жүйелік сипатын белгілеуде ірі
табыстарға қол жеткізді. Бұл бағыттағы зерделеу жұмыстарының тұжырымы ретінде «Қазіргі
қазақ тілінің морфемалар жүйесі» (А. Қалыбаевамен авторлық бірлестікте) атты монографи-
ясын ұсынды. Ал 1980 жылы баспа бетін көрген «Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары»
атты еңбегі де – грамматика теориясына қатысты зерттеу. Онда
сөз құрамында грамматикалық
көрсеткіштерінің сыйысу мəселесі көтерілген. Сондай-ақ ғалым Н. Оралбайқызы – тіл тарихы,
графика, орфография мəселелері жөніндегі алғашқы еңбектердің бірегейі «Қазақ графикасы
мен орфографиясы» (1968) зерттеуінің авторы.Ғалымның ғылыми тың табыстары, соны тұжы-
рымдары дүниежүзілік түркологиялық конференцияларда баяндалып, ғылыми лингвистика-
лық мақалалары Анкарада, Новосибирскіде, Ташкентте, Бакуде, Қазанда басылым көрді. Əлем
түркологтарына танымал лингвист ғалым Түркияның Анкара университетінің шақыруымен
онда екі жыл қызмет етіп қайтты.
Профессор Н. Оралбайқызының ғылыми шығармашылығындағы
ерекше орын алатын
мəселе
– қазақ тілін оқыту əдістемесі болса, ғалым-əдіскер – қазақ тілін оқыту əдістемесінің
де шебер маманы. Ғалым қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту əдісте-
месі ілімінің мəселелерін жан-жақты қарастыра келіп, осы бағытта мамандар даярлайтын
университет студенттеріне арналған «Орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əдістемесі»
(1996 ) атты тұңғыш оқулықты баспадан шығарып, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
қазақ тілін оқыту əдістемесі ілімінің негізін қалады.
Жоғары білімді мамандардың сапасын арттыру ісінде
студенттерді оқулықтармен, оқу
құралдарымен жəне оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету ісінің маңызы ерекше. Бұл рет-
те қазақ тілі мамандарын дайындау ісінде, қазақ тілінен білім беруде, өзге этнос өкілдеріне
қазақ тілін оқыту ісінде орасан зор қызмет атқарған қаламы қарымды, көрнекті ғалымның
300-ден астам ғылыми мақалаларымен қатар, 60-қа жуық оқулықтар, оқу-əдістемелік құрал,
бағдарлама мен монографиялық еңбектердің авторы екенін айтсақ та жеткілікті болар. Мем-
лекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін Қазақстанда мекендейтін халықтардың ол
тілді білуі парыз десек, өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі үшін, қазақ тілінің арнайы
мамандары қазақ тілін шебер оқытуы қажет. Бұл міндетті абыроймен орындау үшін, жоға-
ры оқу орындарының мамандары, оқулықтары, оқу құралдары, техникалық құралдары жет-
кілікті болуы қажеттігін баса айтатын академик Н.Оралбайқызы осы пікірлерді айтып қана
қоймай, осы мақсатта оқу бағдарламаларын əзірлеп, «Қазақ тілін үйренеміз»,«Практикалық
қазақ тілі» оқулықтарын жазды.
Ғалым Н.Оралбайқызы теориялық ізденістерін, зерттеу ісінің қорытындыларын үнемі
қазақ тілі мамандарының білімін кеңейту ісіне, тəжірибеге бағыттап отыруды өзіндік кредо
тұрғысында таныды. Қазірде де талантты əдіскер ғалымның
жоғары оқу орындарына ар-
налған оқулықтары студенттердің аса қажетті, қолдан қолға түсірмейтін дүниелері тұрғы-
сында танылуда. Мəселен, «Қазақ тілінің практикалық курсына» арналған «Қазақ тілі» оқу-
лығы филология факультетінің
студенттерін дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыланды-
руға, тілші мамандығына икемдеп бейімдеуге арналған оқу құралы бола алуда. Көп жылдар
бойы бірнеше басылым көрсе де, қасқалдақтың қанындай студенттердің таптырмас оқулығы
болуы еңбектің құндылығына дəлел.
26
Академик Н.Оралбайқызы – ғылыми жұмыс пен ұстаздықты үнемі қатар ұстап, қос сала-
ны шебер байланыстыра білген құзіретті де білікті кəсіби маман. Сол себептен де ғылымдағы
жаңалықты қазақ тілінен маман дайындау ісіне енгізудің түрлі жолдарын іздестіре білді.
Қысқасы, «жаңа істің бастаушысы болу» ғалымның əдетіне айналды. Мəселен, жоғары-
дағы айтылғандарға қоса «Сөзжасам» пəнінің, «Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ
тілін оқыту əдістемесі», «Ертедегі түрік жазулары» курстарының бағдарламаларын алғаш
рет даярлаушы. Не болмаса, жалпы редакциясын Н. Оралбайқызы басқарған
«Қазіргі қазақ
Достарыңызбен бөлісу: