Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет12/255
Дата19.12.2023
өлшемі2.56 Mb.
#487056
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   255
Оралбаева

ТІЛ БІЛІМІНІҢ БІЛГІРІ
Құрманəлиев К.А., 
ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының 
 вице-президенті, Астана, Қазақстан.
Қазақ тіл білімінің аға буын өкілдерінен бір керемет қасиетті көруге болады. Ол оқы-
мыстыларымыздың сан қырлылығы, ғылыми зерттеулердегі жан-жақтылығы дер едік. Міне, 
сондай ғылыми шығармашылығының ауқымы кең, əралуан салаларға тармақталған, атап ай-
тқанда, қазақ тілі білімінің тарихы, графика, орфография мəселелерін, сондай-ақ қазақ тілінің 
морфология жəне сөзжасам салаларын зерттеумен қатар, қазақ тілін оқыту əдістемесін де 
зерделеп, елеулі табыстарға қол жеткізген бүгінгі күні тоқсан жастың төріне шыққан Қа-
зақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, педагогикалық ғылымдар акаде-
миясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбай-
қызының еңбегін ерекше айтуға болады. 
Қазақ тіл білімін дамытуға үлкен үлес қосып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде 
еңбек сіңген ғалым қаламнан сегіз монография, он бір оқулық, он бес оқу құралы, он бір оқу 
бағдарламасының, екі жүзге тарта ғылыми мақалалардың тууы тіл білімі білгірінің əралуан-
дығын көрсетері анық. Соларға рет-ретімен қысқаша тоқталып өтейік.
Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық құрылысында аналитикалық форманттардың 
кең орын алатындығын жоғары ғылыми-теориялық деңгейде зерделеп, 1971 жылы қорғаған 
«Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» атты докторлық диссертациясында 
ұсынған идеялары ғылыми жұртшылықтың ерекше назарын аударған еді. Тек қазақ тіл білімі 
емес, жалпы түркологияда да шешімі əр түрлі пікір қайшылықтарын тудырып жүрген мəсе-
леде жаңа бағыт ұсынды. Оған ғалымның «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық 
формалары», «Қазіргі қазақ тіліндегі аналитикалық форманттардың құрылысы мен мағына-
сы» атты монографияларындағы ғылыми зерттеулері дəлел болады. Сондай-ақ «Қазақ тілін-


21
дегі етістіктің категориялары», «Қазіргі қазақ тілінің морфемалары жүйесі» монографиялық 
еңбектері де грамматика теориясына қосылған ғылыми үлес деп бағаланды. 
Нұржамал Оалбайқызының елеулі еңбектері қазақ тілінің сөзжасам мəселесімен тығыз 
байланысты. Сөзжасам мəселесін жаңа бағытта, жаңа ғылыми негізде жоғарғы дəрежеге кө-
терген жəне сөзжасамның кейінгі зерттелуіне соны бағыт сілтеуге, сөзжасамға көзқарасты 
өзгертуге, жаңа идеяларға бастауға профессор Н. Оралбайдың жауапты редакторлығымен 
1989 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиясының 
маңызы өте зор болғанын айтуымыз керек. [1]
Монографияда қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөзжасамның жалпы теориялық мəселе-
лерінің ғылыми негізі жасалды. Бұған дейін сөзжасам жүйесі, оның жалпы заңдылықтары 
сөз болған емес, зерттеулердің бəрі негізінен жеке сөз таптарының жұрнақтар арқылы жа-
салуы туралы болып келді. 1988 жылы жарық көрген профессор Н.Оралбайдың «Қазіргі қа-
зақ тіліндегі сан есімнің сөзжасамдық жүйесі» атты монографиясында ғалым қазақ тілінің 
сөзжасам жүйесіне толық сипаттама берді. Бұл қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасам жүйесіне 
берілген тұңғыш ғылыми сипаттама болатын. Бұған дейін ол мəселе ретінде қойылған емес. 
Онда қазақ тілінің қалыптасқан өзіндік жүйесі ұзақ уақыт ішінде талай өзгерістерді өткізіп, 
қалыптасқаны дəлелденген. Ұзақ уақыт ішінде сөзжасамдық бірліктер қалыптасып, олардың 
қолданылуы, туынды сөздердің жасалу заңдылықтары қалыптасқаны ғылыми тұрғыда дəлел-
денді, сан есімдердің сөзжасам жүйесі тұңғыш рет сипатталып, оның өзіндік ерекшеліктері 
көрсетілді. Сан есім сөзжасам жүйесінде негізінен аналитикалық тəсіл қолданылады деген 
тұжырым еңбекке өзек болып, дəлелденіп отырады. Сан есімнің сөзжасамдық бірліктері сан 
атаулары деп дəлелдеген ғалым сан атауларынан басқа сан атауларының жасалуы, қосылу 
жəне көбейту заңдылығы арқылы жасалатын нақты тілдік деректер негізінде дəлелдеп, оның 
түрлі моделдерін жасаған.[2]
Жоғарыда айтқанымыздай, сан есім сөзжасамы туралы монографияда қазақ тілінің 
сөзжасам жүйесі тұңғыш рет ғылыми мəселе ретінде сөз болса, 1989 жылғы монография-
да «Сөзжасамның жалпы мəселелері» арнайы зерттеліп, онда тілдің сөзжасам жүйесі екін-
ші рет толық сипаттамаға ие болды. Профессор Н. Оралбайдың еңбегінде сөзжасам жүйесі 
мəселесінің ішінде сөзжасамдық талдау, туынды сөздер, сөзжасам негізділігі (мотивация), 
сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип мəселелері сөз 
болды. Бұл еңбекте осы мəселелер алғаш рет ғылыми айналымға түсіп, өз шешімін тапты. 
2002 жылы Ғылым академиясының Тіл білімі институтының грамматика бөлімі дайын-
даған «Қазақ грамматикасы» деген өте маңызды, құнды еңбек жарық көрген болатын. Ең-
бектегі сөзжасам мəселесі профессор Н.Оралбайдың басшылығымен дайындалғанын атап 
өткеніміз абзал. Сөзжасам мəселесі ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделіп, өте жоғары 
дəрежеде жазылғанын жəне бай тілдік деректерге негізделіп берілгенін байқауға болады.[3] 
Жаңа ғылыми туындылардың өмірге келуіне бағыт-бағдар беретін, профессор Н.Орал-
байдың көп идеяларының жас ғалымдарға ой салып, оның əрі қарай дамуына жол ашқанын, 
яғни, жаңа ғылыми туындылардың өмірге келіп жатқанын қазіргі қазақ тіліндегі болым-
дылық-болымсыздық категория туралы, қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теори-
ялық негіздері, қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларың ғылыми-теориялық негіздері, 
қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функциональдық жəне семантикалық аспектісі туралы 
ғана оннан астам докторлық жəне кандидаттық диссертациялар қорғалғаны ғалым идеяла-
рының жалғасын тауып жатқанын көрсетеді. 
Тағы бір ерекше айтып кететін нəрсе, 1989 жылы жарық көрген монографияда ғалым 
дəлелдеген көкейтесті мəселелер ғылымда танылып, одан əрі дамытылып келе жатқанын, 
профессор Н.Оралбайдың көтерген жаңа ғылыми мəселелері ғалымның «Қазақ тілі сөзжаса-
мы» оқулығына (2002жыл) енгені дер едік. Сөзжасам оқулығы қазақ тіл білімінің сөзжасам 
саласынан қазақ тілінің келешек мамандарына толық білім беруді көздейді. Сөзжасам пəнінен 


22
студеттерге жан-жақты толық білім беру – оқулықтың негізгі мақсаты болып айқындалған. 
Оқулықта сөзжасамның жалпы теориялық негізгі мəселелерінен жеткілікті дəрежеде мағлұ-
мат берілген. Ол сөзжасам теориясының зерттелмеуімен байланысты болды. Осы жағдайлар 
ескеріліп, оқулықта сөзжасамның мəселелері толық қамтылған. Оқулықта сөз таптарының 
сөзжасамына да орын берілген. Өйткені морфология оқулығында сөз таптарының сөзжасамы 
толық ашылмаған болатын. Сондықтан ұсынылып отырған оқулықта сөз таптарының сөзжа-
самы ғылымның соңғы деректері деңгейінде беріліп, əдістеме ілімінің соңғы жетістіктеріне 
сай модульдік жүйе негізінде жазылған. [4]
Профессор Н. Оралбайқызының тіл білімі теориясымен қатар, қазақ тілін оқыту əдісте-
месі ғылымына да сіңірген еңбегі ерекше. «Орыс тіліндегі мектепте қазақ тілін оқыту əді-
стемесі» (1996) атты оқулықтың жарық көруі ұлттық мектептердегі қазақ тілін оқыту əдісте-
месін дамытудың алғашқы бастауы болды деп толық айтуға болады. Ғалымның бұл саладағы 
ілімнің ғылыми-теориялық негізін жасаудағы еңбегінің жемісі ретінде қазақ тілін өзге ұлт 
өкілдеріне оқытуға арналған оқулықтардың, оқу, оқу əдістемелік құралдар мен оқу бағдар-
ламаларының көптеп жарық көруіне себеп болғанын байқаймыз. Жоғарыда көрсетілгендей, 
əдіскер-ғалымның қырық шақты оқулық, оқу əдістемелік құралдары мен оқу бағдарламала-
ры бұл саладағы қомақты ғылыми үлес екенін айқындайды.
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа-
ласында қазақ тілінің біртіндеп латын əліпбиіне көшірілетіні айтылған еді. Латын əліпбиіне 
көшкен алыс-жақын елдерегі тəжірибелерді зерделеп, саралап, оның саяси, əлеуметтік-эко-
номикалық жəне психологиялық аспектілері терең зерттеліп, мемлекеттік тілді латын əліп-
биіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобы үлкен талқылаудан кейін жобаның соңғы нұсқа-
сын ұсынған болатын. Оның Елбасының Жарлығымен бекітілгені белгілі. Енді тілші-ға-
лымдардың алдында орфография мен орфоэпия мəселесін шешу міндеті тұр. Реті келгенде, 
профессор Н. Оралбайқызының «Қазақ графикасы мен орфографиясы» атты монографиялық 
еңбегінде айтылған тың ойлар мен идеялар осы мəселені шешуде өз септігін тигізер деп ой-
лаймыз. 
Өнегелі ұстаз-ғалым ғылыми кадрлар дайындау ісіне де елеулі еңбек сіңірген қайраткер. 
Тіл білімі теориясы мен əдістеме ғылымы бойынша жиырмаға жуық ғылым докторлары мен 
алпысқа жуық ғылым кадидаттарын дайындаған ғалымның шəкірттері республикамыздың 
жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу иституттарында еліміздің кемел келешегі үшін 
аянбай еңбек етуде. 
Тіл білімінің білгірі, көрнекті ғалым өзі зерттеген салалары бойынша əрқашан да жаңа 
бағыт, тың идеялар ұсыну арқылы нағыз ғұламалыққа тəн қасиеттерін паш етіп, ғылымдағы 
өз мектебін қалыптастырған ғалымның əлі де отандық ғылымды дамытуда қосар үлесі қо-
мақты.


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   255




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет