Бұрандалы брадибена – Іле жəне Жоңғар-Алатауында шеңбер шегінен шықпайтын
ұлудың жергілікті түрі. Тау беткейлерінде, ағаш, бұта, далалы шабындық өсімдікерімен жа-
былған тау өзені жайылымдарында тіршілік етеді.
Түркістан туркамилаксы – Солтүстік жəне Орталық Тянь-Шань тау жүйесінде мекен-
дейтін ұлудың жергілікті түрі. Тау өзені мен жығаларының жағасындағы шыршалы орман-
дарда өте көп кездеседі.
Рикмерс бүйісі – Памир жəне Гиндукуша тауларында таралған бүйі. Қазақстанның Ба-
тыс Тянь-Шаньнның 1200-1400 м биіктігіндегі тау етегі далаларында, сонымен қатар 250
метр биіктіктегі Арыс өзенінің ылғалды жайылымында кездеседі.
Рикмерс сары шаяны – Қазақстанда сирек кездесетін түр. Қазақстан мен Орта Азия
жерінде: Оңтүстік Өзбекстан, Жетісу, Тұран ойпаты шөлдерінде кездеседі.
Кириченко инелігі – Азия, Ауғанстан жəне Қазақстанның оңтүстігінде таралған, өте
сирек кездесетін түр. Бірлі-жарым данасынан ғана белгілі.
Қысқақанатты Боливария дəуіті – Батыс жəне Оңтүстік Қазақстанда,
Орта Азияда, Иран, Сирия, Оңтүстік-Батыс Моңғолияға дейін таралған. Саны
азайып бара жатқан дəуіт түрі.
Түйіршікті деракантина – Қазақстандағы Deracanthina B. –Bienko
туысының жалғыз өкілі. Бұл ірі қанатсыз шегірткенің жуан денесі қоңыр түсті.
Өте сирек кездеседі.
Дамалаканта вакка шегірткесі – ТМД мен Қазақстанда Damalacantha B. -Bienko туы-
сының жалғыз өкілі. Бұл қанатсыз ірі шегірткенің мығым да жуан денесі сарғыш түсті, ал-
дыңғы кеудесі мен құрсағында қоңыр жəне қара суреттері бар. Сирек кездесетін дараланып
таралған түр.
Сервилдің севчугі – Қазақстан жеріндегі таралу аймағы шектеулі, саны азайып бара
жатқан, сирек кездесетін шегіртке түрі. Мығым, ірі қанатсыз шегіртке қара қоңыр түсті, ата-
лығының алдыңғы кеудесі мен құрсағында сары суреттері бар.
Еуропа кнемизус қоңызы – Еуропа мен Қазақстаннан табылған жалғыз түр. Аз зерт-
телген, сирек кездесетін тақтамұртты қоңыз түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |