89
Жіңішке аяқты клизодон – Орта Азияда таралған. Жеке тіршілік ететін жабайы ара-
лардың сирек кездесетін түрі.
Дөңгеленген парарофитес – Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Иранда таралған. Сирек
кездесетін араның түрі.
Күреңтүсті проксилокопа – Қазақстанның оңтүстік-батысында, Орта Азияда таралған.
Араның сирек кездесетін түрі.
Жетілмеген эфедромия – Қазақстанның тек құмды шөлдерінен белгілі. Құмыты шы-
бынның жеке типті туысының өкілі.
Тораңғы филерема көбелегі – Қазақстанда нақты бір жерден ғана – Қапшағай су қой-
масындағы Іле өзенінің жайылмасынан белгілі. Саны азайып бара жатқан түр.
Алексанор көбелегі – Қазақстанда қазіргі кезде тек оңтүстікте, Қаратау тауында ғана
белгілі. Сирек кездесетін желкенді көбелектің түрі.
Бедромиус көбелегі –
Қазақстанда Іле Алатауы, Күнгей Алатау жəне
Теріскей Алатауы
жоталарынан нақты белгілі. Сирек кездесетін түр.
Патриций көбелегі – Қазақстанда Іле Алатауы, Күнгей Алатау жоталарынан нақты бел-
гілі.
Алау түсті микрозегрис – Қазақстанда Оңтүстік Балқаш маңы мен Каспий маңынан
нақты белгілі. Саны қысқарып бара жатқан ақ көбелектер түрі.
Вискотт сары көбелегі – Батыс Тянь-Шагьда тіршілік етеді. Ақ көбелектерге жатады.
Ершов сары көбелегі – Солтүстік Шығыс Тянь-Шань жергілікті түрі. Сары көбелектер
ішіндегі ең ірі жəне нашар зерттелген түр.
Энейс Мулла көбелегі – Қазақстан жерінде тіршілік ететін туыстың бес түрінің ең си-
рек кездесетін түрі. Шығыс Қазақстанда таралған.
Достарыңызбен бөлісу: