ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №3 (121), 2021
136
материалдық және рухани мәдениеті, ұлттық сипаты мен ерекшеліктері оның дүниетанымы
арқылы тілден көрініс табады. Тіл – адам мен қоғам арасындағы басты дәнекер.
Фильмдерде ұсынылатын үйретілетін тілдің шынайылығы, бай сөздік қоры, мәдени
ақпаратылық пен көрнекі элементтер арқылы студенттерге мәдени перспективаларды
зерттеуге баса назар аударатын көп өлшемді тілдік оқу құралы ұсынылады. Оқыту
барысында фильмдерді қолдану, оқылатын тілдің мәдениеті мен тілдік қорына қол
жетімділікті жеңілдетеді, сол арқылы білім алушылардың ынтасы мен өзіне деген
сенімділігін арттырады.
Мәдениетаралық коммуникативті құзыретті қалыптастыруда фильмдерді
қолданудың тиімділігі
Мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру білім беру үдерісі
шеңберінде шынайы шет тілдік қарым-қатынас серіктестерінің болмауына байланысты және
табиғи орта жағдайынсыз тиімді жүзеге асырыла алмайды. Бұл мәселені шешімін табу түрлі
бейне материалдарды, мысалы, көркем фильмдерді, ғылыми және деректі фильмдерді,
телесериалдарды, өнер, тарих туралы бейнелерді және т.б. бейне материалдарды пайдалану
арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бейне материалдардың көмегімен табиғи тілдік ортаны
және мәдениетаралық коммуникацияның түрлі жағдаяттарын имитациялауға болады. Осы
орайда, фильмдер ең тиімді көрнекі құрал болып табылады.
Фильмдердің бірегейлігі мен басты артықшылығы олардың шынайылығында,
лингвистикалық құралдардың шоғырлануында, ақпараттық мазмұнында, студенттерге
мотивациялық және эмоционалды әсер етуінде. Фильмдердің осы артықшылықтарын егжей-
тегжейлі қарастырайық:
1. Фильмдер тіл үйренуге және тілдік сауаттылыққа кең мүмкіндіктер ұсынады
Әдеби-лингвистикалық бірліктердің байлығына байланысты фильмдерді студенттердің
сөздік қорын кеңейту материалы, сонымен қатар көптілділік тәсіл шеңберінде
лингвистикалық, коммуникативті, мәдениаралық және символдық құзыреттіліктерді
дамытуда өте пайдалы құрал ретінде қарастыруға болады.
Тілдерді оқытуда фильмдерді қолданудың тағы бір тиімділігі: студенттер фильмдерді
қараған кезде түрлі тұлғалар мен адамдардың мінез-құлықтарына сай сөздердің шынайы
айтылуы, интонациясы мен фонетикасын, сонымен қатар әртүрлі фразеологиялық
бірліктерді, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, эвфемизмдерді, әзіл-оспақты сөздерді,
метафораларды естіп-тыңдай алады.
Фильмдерді тіл үйретудегі коммуникативтік қатынастың 4 түрін: тыңдау, жазу, оқу,
сөйлеуді дамытуда өте тиімді пайдалануға болады. Фильмдер заманауи оқулықтардағы
эмоционалды тілдің болмауы, саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелер мен тарихи
қақтығыстарды үстірт қарау сияқты бірқатар кемшіліктердің орнын толтыра алады.
Ғалым М. Кайзер айтқандай: «Фильмдер сонымен қатар студенттерді оқулықтарда жоқ
алуан түрлі ақпараттармен таныстырады. Фильмдер түпнұсқа тілді қолданумен танысу
мүмкіндігін кеңейтіп, тілді терең меңгеруге ықпал етеді. Сонымен қатар, фильм сыни ойлау
қабілеттерін арттырады. Фильм шынайылық пен турашылдықтың елесін жасаса да, оның көп
қабатты астарлы мағыналары көрермендердің сезімдері мен таным-түсінігіне әсер ету үшін
мұқият ойластырылған. Тіл үйренушілерге кинематографиялық құралдар арқылы
мағыналардың қалай жасалатынын, қалыптасатынын және қалай өзгеретінін көрсету бүгінгі
жастар үшін өте маңызды».
2. Фильмнің тағы бір ерекшелігі мен мүмкіндіктері – оның ақпараттылығы мен
мазмұнының әртүрлілігі
«Бүгінгі күні кино – ұлттық бірегейлікті көрсету формаларының бірі, ұлттық
мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан көркем фильм ұлттық дәстүрлердің
экспоненті әрі жалғастырушысы саналатын ұлттық фольклор: халық ертегілері, әндері,
|