орналастырылған, ол арқылы жарық сәулесі жүреді, сондықтан оларды
мөлдір етеді. Тілімдердің арасында саңылаулары
бар диэлектрикалық
матрица 3 орналасқан, ол электродтардың қиылысу нүктелерінде
газразрядты (немесе басқа) көздер түзеді. Панель гелий-неон
қоспасымен толтырылады және сосын қымталады.
Зерттелінетін
сигналдың кескіні газразрядты көздердің кезектесіп сәулеленуі
есебінен қайта жаңғыртылады. Ол үшін панельді басқару сұлбасынан
әрбір сәтте пластиналардың анодтары мен катодтарына тиісінше өртеу
кернеуінің оң және теріс импульстері беріледі. Өртеу кернеуінің
импульсі жіберілетін
анодтың нөмірі жайманың жолын, ал катодтың
нөмірі— бағанды анықтайды. Жайма сәулесін басқарудың осындай
принципі
матрицалық деп аталады
. Тәжірибеде ол
цифрлық әдістер
мен құрылғылармен іке асырылады.
Матрицалық индикаторлық панельдердің жетістіктеріне шағын
габариттік өлшемдерін, аз
салмағын, төмен жеткізу кернеуін және
геометриялық бұрмаланулардың жоқтығын жатқызамыз. Цифрлық
басқару принципі бір экранда сигнал
кескінін оның цифрлық және
әріптік индикацияларымен оңай қиыстыруға мүмкіндік береді.
Матрицалық индикаторлық панельдердің кемшіліктеріне схемалық
шешу күрделілігін, жоғары емес айыру қабілетін және төмен
тезәрекеттігін жатқызған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: