«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУДІҢ



Pdf көрінісі
бет126/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУДІҢ 
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Рахымбаева Н. 
Ғылыми жетекші: Садыканова Ж.Е., з.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,
Өскемен қ., Қазақстан, e-mail: nrakhymbayeva@list.ru 
Референдум-мемлекеттік маңызы бар мәселені шешу үшін өткізілетін, сол 
мәселеде халық көзқарасын анықтауды көздейтін халықтың дауыс беруі. Басқаша 
айтқанда, мемлекет аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. 
Референдумға қатысу немесе қатыспау Қазақстан Республикасы азаматының 
кұқығы. 
Референдумды 
өткізу 
жөнінде 
Қазақстан 
Республикасының 
«Республикалық Референдум туралы» атты Конституциялық заңында белгіленген. 
Бұл Конституциялық заң 1995 жылы 2 қарашада күшке енді. 
«Республикалық Референдум туралы» заңының 1 тарау 1 бап 1 тармағында 
айтылғандай 
«Республикалық 
референдум 

Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк 
өмiрiнiң өзге де маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша 
бүкiлхалықтық дауыс беру». Референдум және Қазақстан Республикасы 
Конституциясының арасында тікелей байланысты осыдан көруге болады. 
Қазақстан үшін тарихи маңыздылыққа ерекше ие болатын Референдум 1995 жылы 
30 тамызда орын алған. Бұл Референдум мәселесі тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының 1993 жылы қабылданған Конституциясының күшін жойып, 
мемлекеттің Жаңа Конституция қабылдау немесе қабылдамауы болды. 1995 жылғы 
өткен Референдум жайлы 28 шілде қабылданған «1995 жылғы 30 тамызда 
республикалық референдум өткiзу туралы» Президент Жарлығында айтылған. 
Атап айтқанда, 1995 жылы 29 cәуәрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президентінің өкілеттілік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту 
жөнінде Референдум өткізілді. Бұл Конституцияның өзгерістерінен тыс, мемлекет 
үшін маңызды мәселелеріне арналған Референдум болып табылады.


371 
Республикалық Референдум туралы Конституциялық заңда Референдум 
өткізілуіне байланысты негізгі шарттар қарастырылған. Осы заңдарға сай 
Референдум өткізудің принциптері: 
1) Азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық 
бiлдiруi; 
2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, 
тең және төте қатысу құқығы
3) жариялылық принциптерiне негiзделедi. 
Референдумға қатысушыларды жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, 
нәсіліне, ұлтына және т.б. факторларына қарай дауыс беру құқығынан айыра 
алмайды. Дауыс беру құқығы кәмелеттік жасқа (18 жасқа) толған Республика 
азаматтарына беріледі. Дауыс беру құқыға жоқ деп Сот шешімі бойынша iс-
әрекетке қабiлетсiз және бас бостандығынан айырылған тұлғалар танылады. 
Республикалық Референдум заңдарына: 
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
2) Осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде "Қазақстан Республикасындағы 
сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; 
3) Республикалық Референдум туралы Конституциялық заң 
4) Орталық референдум комиссиясының нормативтiк сипаты бар актiлерi. 
Референдумды Жарлықтар арқылы Қазақстан Республикасының Президенті 
тағайындайды. Бұл жарлықта Референдумды өткізу мезгілі, қозғалатын мәселе 
тұжырымдамасы, референдумды өткiзуге байланысты өзге де мәселелер шешiледi. 
Оған мысал ретінде жоғарыда көрсетілген 1995 жылғы Референдум өткізілу 
жөнінде сол кездегі Республика Президентінің жарлықтары көрсетілген. 
Референдум өткізу туралы ойды мемлекет азаматтары қажет деп таныса 
Конституциялық Заңның 12 бабының 1 тармағына сәйкес «Егер референдум өткiзу 
туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан 
Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар 
қалалардан кемiнде үш-үштен өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы 
құрылады». Осыған сай құрылған Референдумның бастамашыл тобы Орталық 
сайлау комиссиясына ұсынған мәселелерді нәмесе мәселені тiркеудi сұрап өтiнiш 
бередi. Тіркеу жүргізу барысында бастамашыл топ құрылған жиналыстың 
хаттамасы; бастамашыл топ мүшелерiнiң тiзiмi және қозғалған мәселені тіркеу 
жөніндегі өтініш құжаттары алынды. Бұл құжаттар Орталық сайлау комиссиясы 
тiркеуге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмде тiркейдi. Референдумды 
өткізу мерзімі өткізу жөнінде нақты шешім қабылданған күннен бір ай ерте және 
үш ай кем емес мерзімде болуы шарт. Референдум өтті деп есептелу үшін оған 
қатысушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысуы керек. 
Референдумда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi 
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 
Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс беру 
орын алғаннан кейін Референдум нәтижелерін айқындайтын Учаскелiк референдум 
комиссиясы болып табылады. Ал Референдум нәтижелерін Орталық референдум 
комиссиясының ресми хабарлауы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 
жарияланады. Референдумда қабылданған шешімдер заң бойынша хабар 


372 
жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді. Қабылданған шешім Қазақстан 
Республикасының бүкіл аумағын қамтып, жүзеге асады. 
Атап айтқанның бәрі Конституциялық заңға сәйкес жүргізілетін 
Республикалық Референдумның өткізілу мәселелері болып табылады. Саяси 
белсенді Қазақстан азаматтары білететіндей елімізде өткен соңғы Референдум 2022 
жылы 5 маусымда өткізілген болатын. Референдум туралы мәлімет 2022 жылы 5 
мамырда жарияланған Президеттің Жарлығында берілген. Бұл Жарлықта «Осы 
Жарлық және "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 
жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын» 
делінеді. Конституцияға енген өзгерістер айтарлықтай көп және саяси, қылмыстық, 
әлеуметтік-экономикалық маңыздылыққы ие. Мысалы, 6 баптың 3 тармағына 
енгізілген өзгерістер бойынша «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен 
жануардар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі»,15 баптың 2 
тармағына енгізілген өзгерістер бойынша «Өлім жазасына тиым салынады», 43 
баптың 3 тармағына енгізілген өзгерістер бойынша «Қазақстан Республикасының 
Президенті өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезегінде саяси партияда болмауы тиіс» 
және мемлекеттік маңызы бар басқа да өзгертулер жатады. Көлемі жағынан бұл 
өзгерістер Конституцияға енген өзгерістер ішіндегі ең ауқымдыларының бірі. 
Сондықтан, 5 маусымда өткен бұл Референдумның еліміз үшін де, халық үшін де 
үлкен ерекшелігі бар. Қатысушыларға берілген бюллетеньде тек бір сұрақ: 
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының 
Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" 
не "жоқ" деп жауап беруі керек болды. Көпшіліктің шешімі бойынша 
Конституцияға енген өзгерістер қабылдансын деп шешілді.
Қорыта келе, 32 жылдық тарихы бар тәуелсіз Қазақстан Республикасында 
бірнеше мәрте Референдум өткізілді. Референдум арқылы халық ойымен санаса 
отырып, шешім қабылдануы еліміздің өзін демократиялық мемлекет ретінде 
орнықтыруына бір дәлел болып саналады. Өткізілу шартын, принциптері мен 
негізін сақтай отырып, Қазақстан Республикасында өткізілген Референдумдар 
мемлекеттің саяси және қоғамдық қатынастарын реттейді. Осыған орай 
Республикалық Референдумды қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстарды 
сақтайтын тетік ретінде қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет