382
боп қалған үлгілерді толықтыруға болады, бұл
бастаушы пайдаланушыларға
ұсынылады.
Сурет 1 - Жинақтың негізгі құрамы
Сурет 2 - LEGO Digital Designer бағдарламасының бастапқы беті
383
Бағдарлама келесі функцияларды қамтиды:
1) Аралас-құралас элементтердің көп болуы, оның ішінде тар көлемді
бағытта (мысалы, теміржол).
2) Дайын болған үлгілерді сақтау мүмкіндігі.
3) Бөлшектердің кең түрі.
4) Достармен бөлісу мүмкіндігі.
5) Дайын болған үлгіні ресми сайтқа жүктеу мүмкіндігі.
6) Объектілерді әр түрлі фонда қарастыруды ұсынатын қарап шығу режимі.
7) Жақындату/алыстату опциясы, сонымен қатар
өзіңізге қажетті бұрышқа
бұру.
LEGO Digital Designer ерекшеліктері:
LEGO виртуалды элементтерінің көптеген саны;
таңдалған элементтерге өзіндік түс таңдау;
жұмыс бетінде кедергісіз жылжу мүмкіндігі;
әзірлеуші сайтына жұмыстарды орналастыру.
Үлгілер. Үш өлшемді үлгілер өзіндік LXF форматында сақталады. Басқа
қолданушылар жасаған үлгілерді, сіздің үлгілеу бағдарламаңызда ашып,
ішінара
айырбас жасауға болады. LDD сайтында ондай үлгілердің толыққанды галереясы
бар (20 мыңнан аса), атауы бойынша іздеу және өз компьютеріңізге тегін көшіру
мүмкіндігі бар. Кейін бөтен үлгіні ашқаннан соң, оны өзгертіп сақтап алуға болады.
Ары қарай «Кегельринг» сайысына арналған роботты құрастыру үлгісін
ұсынамыз. Бұл робот үлгісін құрастыруға барлығы 76 бөлшек қолданылып,
виртуалды құрастыру үрдісі 35 қадамды қамтиды. Экранның сол жақ жоғарғы
бөлігінде қандай элементтер қажет екені көрініп тұрады. Ал
экранның оң жақ
жоғарғы бөлігінде қадам саны көрсетіліп тұрады.
Сурет 3 - Қадам 1
384
Сурет 4 - Қадам 5
Барлық қадамдарды біртіндеп орындап шыққан соң, соңында нәтижесі
көрінеді.
Сурет 5 - Нәтижесі
LEGO Digital Designer бағдарламалық ортада Lego Mindstorms EV3
конструкторы негізінде робототехника саласындағы
жарыстарға арналған
виртуалды робот үлгіленіп, "Робототехника" вариативтілік сабақтарында,
үйірмесінде қолдануды ұсынуға болады.
Қорытындылай келе, мақалада LEGO Digital Designer бағдарламалық ортада
роботтың виртуалды үлгісін жобалау маңыздылығы сипатталған. Әзірленген үлгі
робототехника саласымен айналысып жүрген оқушылар үшін өте пайдалы көмекші
құрал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: