«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет134/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1. Мырзабаев А. «Сыныптан тыс химия». Алматы «Таймас баспа үйі», 2007. 
– 128 б. 
2. Әшімова Б. Ойыннан ой белсенділігіне // Химия мектепте: ғылыми-
педагогикалық журнал, №3, мамыр - маусым, 2013 ж.; 63-64 бет. 
3. Жақсығалиева Ж. Жұлдызды сағат // Химия мектепте: ғылыми-
педагогикалық журнал, №4, шілде – тамыз, 2014 ж.; 65-66 бет. 
4. Викториналық сұрақтар // Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық
журнал, №2, наурыз - сәуір, 2016 ж.; 20 бет. 
5. Аманғалиева А. Танымдық ойындар // Химия мектепте: ғылыми-
педагогикалық журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2018 ж.; 25-29 бет. 
6. Кенжебекова А. Химиялық танымдық ойындар мен сөзжұмбақтар // Химия 
мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, №5, қыркүйек - қазан, 2011 ж.; 52-53 
бет. 
ӘОЖ 546:004 

ХИМИЯДАН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Толеубек Гулнур 
Ғылыми жетекші: Даутова З.С., п.ғ.к. 
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 
Өскемен қ., Қазақстан, e-mail: gulnur.toleubek88@mail.ru
Қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзіретті тұлғаны қалыптастыру үшін 
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ордасы болу қажет. Біздің алдымызда жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан тұр, яғни біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге 
көтеруіміз қажет. Елбасының білім беру жүйесіне жасап отырған нақты 
қамқорлығы өз кезегінде бізге нақты міндеттерді де жүктейді. «Қазақстан 
Республикасының негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру 
стандартына сәйкес қазіргі қоғамның басты қажеттіліктерінің бірі өмір бойы 
үздіксіз білім алуға қабілетті белсенді танымдық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу 
болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында сыни, 
шығармашылық және позитивті ойлауды, өмір бойы оқуға деген ынтаны дамыту 
қажет. 


396 
Қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі- оқушылардың танымдық 
қызығушылықтарын қалыптастыру. Танымдық қызығушылық мәселесі оқу 
процесінде ең негізгілердің бірі болып қала береді, өйткені оның қызметі жоғары 
тиімділікпен, мотивацияның жоғары деңгейімен және жобалық қызметімен 
сипатталады. Егер біз танымдық қызығушылықты белгілі бір жағдайларда 
қалыптасатын білім мен дағды ретінде қарастыратын болсақ, мұғалімдердің негізгі 
міндеті – осындай жағдайлар жасау. Танымдық қызығушылықты қалыптастыру 
шарттарына оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде өзін-өзі 
көрсетуге мүмкіндік беру, мәселелік жағдайдың балама және креативті шешімдерін 
табу, тапсырмалар оқушылардың даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі, 
сабақта жағымды эмоционалды жағдай жасау болып табылады. Танымдық 
қызығушылық оқушыларды оқу пәндерін немесе пәннің жеке тақырыптарын 
тереңірек зерттеуге итермелейді, бұл өз кезегінде олимпиадалар мен жобаларға 
қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ, танымдық қызығушылық білімнің оңай 
сіңуіне және оқушылардың жадында ұзақ уақыт сақталуына көмектеседі. 
Осылайша, танымдық қызығушылық оқушылардың танымдық бағытына және 
жалпы тұлғаның дамуына әсер етеді. Танымдық қызығушылығы қалыптасқан 
оқушы материалды оңай және берік есте сақтайды, өйткені оқушы өз мүдделеріне 
сүйенеді де оның қызметі де тиімдірек болады. 
Химия пәнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі 
мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызмет барысында 
оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан,танымдық қабілеті мен 
шығармашылдық ойлауы да дамытылады. 
Оқушылардың 
танымдық 
қызығушылықтарын 
дамытуға 
арналған 
зерттеулердің 
нәтижелері 
олардың 
танымдық 
қызығушылықтары: 
-таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы; 
-өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы; 
-оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді мәселені анықтау білігі; 
-игерілген білімді талдай білуі; 
-өз іс-әрекетін бақылау,бағалау көрсеткіштерінде беріледі;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғары деңгейі танымдық 
міндеттерді өздігінен шешуде ұтымды жолдарды қолдана білуімен,жаңаны білуге 
деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс-әрекетін бақылап,бағалай 
білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен 
орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады, төменгі деңгейде 
оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп,оқытушының көмегімен орындайды. 
Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі-
оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау,тәрбиелеу,жетілдіру,оның 
бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге,дамытуға мүмкіндік көрсету.Осы 
қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсене 
қатысып тартылады. 
Оқушының шығармашылық ізденіске баулу, танымдық қабілеттерін дамыту 
мақсатында сабақ барысында түрлі танымдық ойын түрлерін пайдалану және 
логикалық қызықты есептер мен шығармашылық тапсырмаларды орындаудың 
тиімділігі зор. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіргенде және бекіту кезіңде, 


397 
қызықты есептерді талдау, логикалық есептерді шығару және шығармашылық 
тапсырмаларды орындау кезіңде слайд арқылы түсіндірілсе, оқушылар біріншіден, 
тыңдау арқылы, екіншіден, көру арқылы әсер алып, есте жақсы сақтайды. 
Оқушыларды оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру әдістерін 
қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Шығармашылық 
тапсырмалар -ойды, зейінді ұштайды. 
Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту-
білім берудің басты мақсаты. Себебі, көп жағдайда оқушылар өздігінен ізденіп 
жұмыс істеуге, білімді тәжірибеде, өмірде өз бетінше пайдалана білуге 
дағдыланбаған. Осы түйінді мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру 
кезіңде оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы олардың ынта-
ықыласын, 
қызығушылығын 
арттыруға 
көңіл 
бөлу 
қажет. 
Оқушыларда таным қызығушылығын қалыатастыруда шығармашылық 
тапсырмалардың маңызы зор. 
Химиялық шығармашылық тапсырма-бұл ойлау әрекетінің объектісі, онда 
химиялық құбылыс немесе процесс қызықты жағынан беріледі, бұл тапсырманы 
шешу жолдары туралы ойлануға мәжбүр етеді. Оқушылардың химия пәніне деген 
танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік моделі (1-
кесте) берілген. 
1 Кесте
Оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын дамытудың әдістемелік 
жүйесінің моделі 
Қоғамның әлеуметтік тапсырысы. Білім туралы заң. МЖМБС талаптары. Химия 
бойынша оқу бағдарламасы. 
Ⅰ 
Мақсатты блок: шығармашылық тапсырмалардың көмегімен оқушылардың 
танымдық қызығушылығын дамыту 
Ⅱ 
Тұжырымдамалық- әдістемелік блок 
Ⅲ 
Тәсілдер: 
1) құзыреттілік; 
2) тұлғаға бағытталған 
Принциптері: 
1) ғылымилығы; 
2) жағымды эмоционалды
3) білімді игеру деңгейі; 
4) білім алушыларға жеке көзқарас. 
Мазмұндық блок 
Ⅳ 
Танымдық қызығушылықтың 
дамыту кезеңдері: 
1) дайындық; 
2) мазмұнды-дамытушылық; 
3) нәтижені-бағалау 
Педагогикалық шарттар: 
1) 
мұғалімнің 
химия 
сабақтарында 
шығармашылық тапсырмаларды қолдануға 
дайындығы. 
2) танымдық қызметті жандандыру мақсатында 
шығармашылық тапсырмаларды пайдалану. 


398 
3) 
оқушылармен 
бірлескен 
іс-әрекеттегі 
қолайлы 
эмоционалды 
атмосфера 
қалыптастыру. 
Критериалды-диагностикалық блок 
Ⅴ 
Деңгейлер: 
- төмен; 
- орташа; 
- жоғары. 
Көрсеткіштер: 
- сауалнама нәтижелері; 
- бақылау нәтижелері. 
Нәтижелі блок: оқушының химия пәніне танымдық қызығушылықты 
дамытудың жоғары деңгейіне көшуі 
Шығармашылық тапсырмалар: 
1. Тапсырмалардың шарттары іс жүзінде маңызды ақпаратты қамтуы керек. 
2. Бұл ақпарат бағдарламалық материалмен тығыз байланысты болуы керек. 
3. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, танымдық сипатта 
болу керек. 
Мысалы, 8-сыныпта қарастырылатын бір тақырыпқа құрастырылған 
шығармашылық тапсырмалар жүйесін қарастырайық: 
Тақырып: «Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы» 
Слайд 1. Сәлеметсіздер ме балалар. Біздің сабағымыздың тақырыбы: 
«ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясы» Сабақтың мақсаты: 8.3.4.6-
ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу 
Слайд 2-4. Концентрацияны білдірудің екінші әдісі-молярлық концентрация. 
Ерітіндінің молярлық концентрациясы (С)деп аталады бір литр ерітіндідегі еріген 
заттың моль саны. 
С = 
𝜈зат
𝑉еріт
(моль/л) 
Біз бұл формуланы түрлендірсек, келесі формуланы аламыз: 
С = 
𝑚(зат)
𝑀𝑟(зат)∗𝑉еріт
Молярлық концентрация еріген заттың массалық үлесіне қарағанда дәлірек 
болады. Белгілі бір молярлық концентрациясы бар заттардың ерітінділері арнайы 
ыдыста (өлшеуіш колбаларда) дайындалады. Формула бойынша келесі шамаларды 
анықтауға болады: 

зат
= C * Mr * V 
еріт
Mr 
зат

𝑚(зат)
𝐶∗𝑉еріт
V
еріт

𝑚(зат)
𝐶∗𝑀𝑟еріт
1-есеп. Егер 0,8 г натрий гидроксиді 100 мл ерітіндіде ерітілсе, натрий 
гидроксиді ерітіндісінің молярлық концентрациясы қанша болады? 
Берілгені: 
m(NaOH) = 0,8 г 
V
еріт
= 100 мл = 0,1 л 
Шешуі: 
С = 
𝑚зат
𝑀𝑟зат∗𝑉еріт


399 
Табу керек: 
C (NaOH) - ? 
Mr(NaOH) = 23 + 16+ 1 = 40 г/моль 
С = 
0,8
40∗0,1
= 0,2 моль/л 
Жауабы: С = 0,2 моль/л 
2-есеп. 0,1 мл/л концентрациялы 250 мл ерітінді дайындау үшін қанша грамм 
калий гидроксиді қажет? 
Берігені: 
V(KOH) = 250 мл = 0,25 л 
C = 0,1 моль/л 
Шешуі:

зат
= C * Mr * V 
еріт 
Mr(KOH) = 39 + 16 + 1= 56 г/моль 
m (KOH) = 0,1 * 56 * 0,25 = 1,4 г
Жауабы: m (KOH) = 1,4 г 
Табу керек:m (KOH) - ? 
Шығармашылық тапсырма: 
Тапсырманың шартын тексеріп, оны қайта жазыңыз. Түзетілген қателерді 
негіздеңіз. Тапсырманы шешіңіз. 
Тапсырма 
0,03% тең натрий карбонатының молярлық концентрациясы бар 1 л ерітінді 
алу үшін суда қанша грамм натрий карбонатын (CH
3
COOH) еріту керек? 
Жауабы: 
0,03 моль/л тең натрий карбонатының молярлық концентрациясы бар 1 л 
ерітінді алу үшін суда қанша грамм натрий карбонатын (Na
2
CO
3
) еріту керек? 
1. Натрий карбонатының формуласы емес, сірке қышқылының формуласы 
берілген. 
2. Молярлық концентрацияның өлшем бірлігі - моль/л. 
Берілгені : 
V(Na
2
CO
3
) = 1 л 
C = 0,03 моль/л 
Шешуі: 

зат
= C * Mr * V 
еріт 
Mr(Na
2
CO
3
) = 23*2 + 12+ 16*3 = 106 г/моль 
m (Na
2
CO
3
) = 0,03 * 106 * 1 = 3,18 г
Жауабы: m (Na
2
CO
3
) = 3,18 г 
Табу керек: 
m (Na
2
CO
3
) - ? 
Осындай 
шығармашылық 
тапсырмалар 
оқушылардың 
таным 
қызығушылықтарын арттырары сөзсіз. 
Ең маңыздысы,оқушы тұлғасының толымдылығын оны әлеуметтендіру 
үдерісі барысында адамның ішкі жағдайлары мен жеке бас табиғатымен қоса 
дамытуға жағдай жасау болып табылады. Оған тек мұғалімнің де, оқушының да 
шығармашылық ізденісінің нәтижесінде қол жеткізуге болады. 


400 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет