«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет32/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер тізімі 
1. Қазақ энциклопедиясы, 5 том. 
2. Сағындықов Е. С. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: «Рауан» баспасы, 
1991 жыл. 
3. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Қазақша күрес. Алматы: Рауан, 1995. 
4. Қазақша күрес. Жарыс ережесі. Алматы: Тұран. 2002. 
5. Таникеев М.Т. Қазақтың ұлттық спорт түрлері. Қазіргі проблемалар. 
Алматы. 1991. 
6. Байдосов К.Р. Қазақ ұлттық күресі. Алматы: Мектеп, 1987. 
7. Таникеев М.Т. Халық спорты әлемі. Алматы. 1998. 


92 
8. Жас балуандарды мотивациялық-теориялық даярлау қажеттілігі туралы / 
Спорттық морфологияның негізі (конституциялық тәсіл). - ЖОО аралық ғылыми 
еңбектер жинағы. - Смоленск: SGIF, 2004. - Б. 142-145. 
9. Жас балуандардың қозғалыс-үйлестіру қабілеттерін дамытудың 
әдістемелік аспектілері 5) спорттық дайындық // спорттық морфологияның негізі 
(конституциялық тәсіл). 
10. Университетаралық ғылыми еңбектер жинағы. - Смоленск: SGIF, 2004. -
145-148 ББ. 
11. Алдын ала дайындық кезеңінде классикалық стильдегі балуандарды 
оқытудың әдістемелік аспектілері // Әдістемелік ұсыныстар. - М., 2004. – 8 б. 
12. Алдын ала дайындық кезеңінде жас балуандарды мотивациялық-
теориялық даярлау // Әдістемелік ұсынымдар. - М., 2004. - 8 б. 
ӘОЖ 53.530 
 
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ерболатұлы Д., Нұрланбек Шынар 
С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: shynarnurlanbek@mail.ru 
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемелекеттік бағдарламасында кәсіптік және техникалық білімді 
жетілдіру, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның 
шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты 
дамуына жағдай жасауға бағытталғанын ескерсек, болашақ мамандарды 
жаңашылдыққа даярлау міндеттелінген [1]. 
Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына 
революциялық ықпалын тигізіп қана қоймай, адамдардың өмірін, ойлау қабілетін 
түбегейлі өзгертетін үдерістердің бірі екендігін анық айтуға болады. 
Білім жүйесін ақпараттандыруды дамыту – отандық оқытуға бағытталған 
бағдарламалық құралдар дайындалмайынша мүмкін емес. Ақпараттық 
технологияның ауқымы кең. Оларға бақылау және тестілеу бағдарламалары, 
ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және 
мультимедиялық бағдарламалар т.б. жатады. 
Жалпы, ХХІ ғасыр ақпараттық даму заманы болғандықтан, ой-өрісі озық 
оқушы даярлау, оның қызыушылығын сабақ барысында арттыру мұғалімнің 
міндеті. 
Оқушылар үшін электронды оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген 
жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру 
емтихандарына дайындалуына мүмкіндік беретін ақпарат көзі [2]. 
Ал, мұғалім үшін ол – өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып 
және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе болып табылады. 


93 
Осыған байланысты Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық 
технологиялар орталығы дайындаған 9 сыныпқа арналған физика пәнінен 
электронды оқулықты қарастырайық. Бұл оқулықтың алғашқы бетінде аңдатпа, 
пайдаланушыға нұсқау, бағдарламалар, әдебиеттер тізімі және авторлар ұжымы 
берілген, мұнда оқушы электронды оқулық жайлы толық мәлімет ала алады, 
танысады (1-сурет). 
1-сурет. 9-сыныпқа арналған электронды оқулықтың титуль беті 
Бұл оқулық орта жалпы білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес 
жасалынған. Оқулық мазмұны келесідей тараулардан құрылған: «Механика», 
«Тербелістер және толқындар», «Атом және атом ядросы», «Астрономия». Ондағы 
физикалық құбылыстар анимацияланған демонстрациялармен нақты көрсетілген, 
бұл оқушы үшін қағаз бетінде көрсетілген сурет немесе қолмен ұстап сезіне 
алмайтын аспап, кейбір жағдайларда түсінбей қалатын графикалық көрсетілімдерді 
қайта-қайта қарап шығып, түсінуге үлкен көмек, ал мұғалім тақырыпты бір сабақта 
әр балаға жеке-жеке түсіндіруге мүмкіндігі бола бермейді. Сонымен қатар 
виртуальды зертханалық жұмыс кірістірілген, ол оқушының бұл жұмысты өз 
бетінше, түрлі мәндер беріп тәжірибені қайталауға, оның дұрыс не бұрыс 
орындалып жатқанын білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тақырыпқа қысқа әрі 
түсінікті етіліп мәтін берілген, қысқаша берілген мәтінді оқып есте сақтау оқушы 
үшін жеңіл болады. Соңында оқушы тест сұрақтары арқылы алған білімін бекіте 
алады [3]. 
Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, 
шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды. 
Физика пәнінен 9 сыныпқа арналған электронды оқулық 4 тарауға, әрбір тарау 
бөлімдерге, ал бөлімдер тақырыптарға бөлінген. Электронды оқулықтың кез-келген 
тарауын алып, қарастырып көрелік. Мысалы, Механика тарауындағы Динамика 
бөліміне назар аударайық (2а-сурет). 


94 
2а-сурет. Электронды оқулықтағы тарауға, бөлімдерге және
тақырыптарға бөліну көрінісі 
2ә-сурет. Ньютонның бірінші заңы тақырыбына анимацияланған 
аудиодыбысталған демонстрация 
2ә-суреттен көріп отырғанымыздай, 9-сыныптың электронды оқулығында 
Физиканың 4 тарауы көрсетілген, тараудың үстінен бір шертсе, ол ашылады, ал сол 
беттің төмен жағында 18 анимацияланған аудиодыбысталған бейнематериал 
(демонстрация) берілген, оқушы көру әрі есту арқылы сабақты толық қабылдауға 
мүмкіндік алады (2ә-сурет); мәтін, яғни Динамика тақырыбына арналған мәлімет 
келтірілген (2б-сурет); 2 зертханалық жұмыс (2в-сурет) мұнда берілген тақырып 
бойынша есептеуге арналған өлшемдердің мәнін өзгертіп, қайта-қайта жаттығуға 
болады және сабақ соңында сол тақырыпқа арналған 24 сұрақтан құралған тест 
жұмысы (2г-сурет) арқылы оқушы өз білімін бекітуіне болады. 


95 
2б-сурет. Мәтін 
2в-сурет. Зертханалық жұмыс 
2г-сурет. Тест 


96 
Электронды оқулықтағы басқа да тараулар бөлімдерге, бөлімдер 
тақырыпшаларға бөлінген (3-сурет), сондай-ақ сол тарауға арналған физикалық 
құбылыстар анимацияланған демонстрациялармен көрсетілген, виртуальды 
зертханалық жұмыстар және тест сұрақтары да бар.
3а-сурет. Тербелістер мен толқындар 
тарауы 
3ә-сурет. Атом және атом ядросы 
тарауы 
3б-сурет. Астрономия тарауы 
Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі: 
- Оқушының өз бетімен жұмысы; 
- Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
- Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
- Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды 
түсіндіру арқылы жүзеге асыру; 
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту 
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе 
нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор [4]. 


97 
Ал бұл электронды оқулықтың авторларына келетін болсақ, білім беру 
саласындағы мамандар Мұхаметов М.М. Қостанай қаласының №25 орта мектебі 
физика пәнінің мұғалімі, Есжанов А.Е. физика-математика ғылымдарының 
кандидаты, доцент болса, педагогикалық жобалау Нұрғалиева Ғ.Қ. педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор және Тәжіғұлова Ә.І. педагогика 
ғылымдарының кандидаты, сонымен қатар программист- аниматор-дизайнер 
Есімбеков А.А., Тұраров А.К., Тұрар Н.Б.
Қорытындылай келе, электронды оқулық баланың мектепте және өз бетінше 
білімін шыңдауға арналған қол жетімді құрал болып табылады. 
Сабақты электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту 
процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс 
қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды 
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау 
жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет