«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет33/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер 
1. 
Информатика 
мен 
программалық 
тілдерді 
оқыту 
// 
http://kulpan.kz/informatika-men-programmaly%D2%9B-tilderdi-o%D2%9Bytu.html 
2. Нугманова С.О. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды физика 
пәнінде қолдану // http://kulpan.kz/elektrondy%D2%9B-o%D2%9Buly%D2%9Btardy-
pajdalanu-tiimdiligi.html 
3. Мұхаметов М.М., Есжанов А.Е. Нұрғалиева Ғ.Қ. Тәжіғұлова Ә.І. Есімбеков 
А.А., Тұраров А.К., Тұрар Н.Б. Физика 9-сынып [Электронды оқулық]. Алматы, 
2008. Көлемі 17,4 МБ. 
4. Қалыбаева З.Б. Физика сабағында 12 жылдық білім берудегі ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларын 
пайдалану 
// 
http://www.rusnauka.com/8_NMIV_2013/Informatica/1_130969.doc.htm 
ӘОЖ 821.512.122.09 
«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КӨРІНІСІ 
Ержанова У.Е. 
Ғылыми жетекші: Картаева А.М., С. Аманжолов атындағы Шығыс 
Қазақстан университетінің профессоры 
Аманжолов универсиеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: erzhanovaulzhan@gmail.com  
Мұхтар Әуезов - дүние жүзі оқырмандарын қазақ халқы өмірімен бірінші 
болып таныстырып, бірінші болып осындай халық бар екендігін әлемге мәшһүр 
еткен заңғар жазушы. Дүниежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын ойшыл 
Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген бұл «Абай жолы» эпопеясы
жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ 
халқының қоғамдық - саяси адамгершілік және эстетикалық өмірінің 


98 
энциклопедиясы деп әділетті түрде бағаланған бұл роман-эпопеяда өзінің 
кемеңгерлік тұлғасына халқының дана қасиеттерін, данышпандық ойларын сіңіріп 
қана қоймай, алдыңғы қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде 
қалыптасқан үздік атаулының бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның заңғар келбеті 
бар құдіретімен асқақтай түсті.
Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс - салтын, 
тіршілігін, әр түрлі әдет - ғұрыптарымен суреттеу ерекшеліктерімен қазір де таң 
қалдырады. Жазушының бай мұрасының қай - қайсысында болмасын жомарт 
талант, нағыз шалқар шабыт қолтаңбасының іздері сайрап жатыр. Ұлы суреткер 
өзінің ізденімпаздық жолында өзі тіршілік еткен замандастарының жасампаздық 
өмірімен тығыз байланыста болды, өмір шындығының жаңа құбылыстарын сергек 
қадағалап оған өз үлесін қосуға тырысты. Сол кездегі заман шындығы – кеңестік 
құрылыстың республикадағы көркем шежіресінің алғашқы беттерін өзінің көзі 
тірісінде аяқтап үлгерген сан салалы кең тынысты болып келеді [1,18]. Бальзактың 
ХХ ғасырдағы роман туралы айтқан пікірін, бүгін біз «Абай жолы» роман - 
эпопеясында да айтар едік: Вальтер Скотт өзінің романына... «өткен өмірдің жан - 
сезімін әкеп сала қойған... Және де сол романға барлық жанрды жинаған. Комедия 
мен драма, баяндау мен сипаттау, әдемі шеңберлі диалог, қызықты диалог, қызықты 
оқиға, сезім, салт-дәстүр, бейнелі сөзді – заманның үлкен табысы қылған. Оның
романы – бүгінгі өмірге жарамсыз, өткен кезеңнің заңымен құрылған, кешегі 
комедияның мұрагері. Ол осы романға Лабрюйераның шешендігін... Мольердің 
сықақ ақылын, Шекспирдің асқақтаған ой шеңберін қоса енгізген...» [2,115].
Осы Бальзак айтқандай «Абай жолы» роман- эпопеясында әдебиеттің барлық 
жанрлары қалыптасып, бүтіндей ұлттың тұрмысы, өмірі мен тіршілігі, салт - 
дәстүрі, көзқарасы түгелімен қамтылған. Қазақ халқының бір туар ұлы перзенті 
Қаныш Сәтпаев «Абай жолы» роман - эпопеясын энциклопедиялық шығарма деп 
бағалаған. Шынында да қазақ халқының болмысын танытатын шоқтығы биік 
шығармаларының бірі «Абай жолы» роман - эпопеясы.
«Абай жолы» кітабына біз тек роман - эпопея деп қарамай, оны ХІХ ғасырдың 
екінші жартысының энциклопедиясы деуіміз хақ. Қазақ әдебиетінің біртуар алыбы 
М.Әуезовтың қазақ халқын күллі ғаламға танытқан туындысында қамтылған қазақ 
халқының салт - дәстүрлер көрінісі айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Салт - 
дәстүрді ерекшелейтін басты сипат – оның отбасылық тіршілікпен тікелей 
байланысты болып келуінде, яғни адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп, 
қоғамның белді мүшесіне айналу, ақыр - соңы өмірмен қоштасар сәттегі соңғы 
сапарына дейінгі аралықты әдет - ғұрыппен әдептеп, өлеңмен өрнектеп, әнмен 
әрлеп, өмір мен өнерді астастырып тірлік сәніне айналдыруында. Халқымыздың 
салт - дәстүрінде тұрмыстық мән мен көңіл тебірентерлік лирикалық астар 
домбыраның қос ішегіндей қатар тартылып отырады. Салт-дәстүрмен өнер 
түрлерінің байланысуы да үлкен маңызға ие екенін көре аламыз.
Салт-дәстүр – әлемдегі барша халықтардың ұлттық мәдениетінің қайнар 
бұлағы, тарихи жадының, дәстүрлі дүниетанымының алтын қоры, рухани жан 
дүниесінің айнасы. Елдің ежелгі дүние танымын саралауда, өмір салты мен рухани 
әлемін бағамдауда одан өткен кенен қазына, құнды да құнарлы дерек көзі жоқ. 
Сондықтан да, ол қай халықтың болмасын этникалық тек тамырын танып, ұлттық 


99 
келбетін айқындап, келешекке бағдар түзеуде ұсынатын темір қазығы болып 
табылады. Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер 
денең» - деген өлең жолдарында сипатталатындай қазақ халқының салт - дәстүрінің 
көрінісінің барлығы өлең - жырмен берілетінін айқын көре аламыз. Қай кезеңде, қай 
заманда болмасын қазақ ұлтының да жанына сүйеу, рухына медеу болып келген 
алтын өзегі, таусылмас мәйегі – оның телегей теңіз мол мұрасы – салт дәстүрі. Ол – 
бүгінгі тым жеделтеп кеткен жаһандану үрдісінде де ұлттың өз болмысын сақтап 
қалуға пана болатын алып бәйтерек.Отбасылық тірлік – адамзаттың саналы 
ғұмырындағы қол жеткізген ірі мәдени жетістігінің бір көрінісі болса керек. Оның 
пайда болуы – адамзатты саналы ғұмырындағы қол жеткізген ірі мәдени 
жетістігінің бір көрінісі болса керек. Оның пайда болуы адамзатты қауымдасып, 
өмір сүрудің жаңа сатысына көтеріп, бүгінде «қоғам» деп атап жүрген адамзаттық 
өмір салтының жаңа биігіне қадам бастырды. Былайша айтқанда, отбасылық өмір 
адамзат дамуының ұйытқысына, қоғамдық дамудың мәңгілік мәйегіне айналды 
[3,6].
Қазақы отбасының бағзы замандардан бергі даму тарихы тұтастай алғанда, 
жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен, ортақтаса, сабақтаса байланысып 
жатқанымен де, қазақ деген халықтың қалыптасып, өркендеуіндегі түрлі тарихи 
жағдайларға сәйкес өзінше ерекше болмыс танытады. Сондықтан да қазақ отбасы 
жөнінде жинақталған салт - дәстүр жайлы материалдары мен зерттеулер өте 
маңызды саналмақ. Сол мол мұраның алтын діңгегі – салт - дәстүрлердің көрініс 
алуы. Бұл тұрғыда М. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясы арқылы қазақ 
халқының отбасылық әдет - ғұрыптары мен, салт - дәстүрлеріне куәгер боламыз. 
Эпопеяда отбасында атқарылатын ғұрыптарға байланысты сөзбен кестеленіп - 
өрнектелген поэзиялық, прозалық (ұшықтау, аластау, байлау, бата, алғыс, қарғыс. 
т.б.) атауға болады. 
М. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясында отбасы ғұрыптарымен 
қоса, адамның дүниеге келуінен бастап, дүниеден өту кезінде атқарылатын салт - 
дәстүрлер кеңінен орын алады. Зерделей келе, төмендегі салт-дәстүрлерге тоқтала 
кетсек. 
Кәмшат өлімін Құнанбай ауылына естіртпеді деп Құнанбай жақтың ренішіне 
себепкер болған естірту салтының да өзіндік ерекшелігі бар. Естіртудің мазмұны – 
негізінен бір тақырыпты ғана қамтиды. Ол біреудің – дүние салғанын соның жан 
күйер жақындарына естірту. Ауыз әдебиетінде «естіртудің мол ұшырасуы қазақ 
халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы 
қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін, оның адамның күйінішін - сүйінішін
терең сезінген сыпайыгершілігін, көрегенділігін танытады [4,15]. 
Жоқтау – негізгі тақырыбы өлген адамды жоқтау. Мұндай жоқтау мейлінше 
көп. Қазақта дүние салған адамды жыл бойына, ас бергенге дейін жоқтау салты 
ежелден бар, тіпті төңкеріске дейін сақталынып келген. Өлген адамның әйелі 
немесе шешесі мен қарындасы оны күніне екі рет таңның атуы, күннің батуы 
жоқтауға тиіс болған. Оған арналып шығарылған жоқтау өлеңде оның қадыр - 
қасиеті мадақталады, оның қазасының орны толмас өкініші, ауыртпалығы 
айтылады.


100 
Хабар беру – қазақ халқында кісі өлімін хабарлауды хабар беру дейді.
Шығармада Бөжейдің қайтыс болуын Жұмабай жеткізіп, хабар бере келді делінген.
Бата қылу – Құнанбай Бөжей өлгенде бата қылып, артынан барады. 
Қара тігу – ұзын найзаның басына тігілген ту. Қара тігу дәстүрі Бөжей -
өлімімен шығармада бой көрсетеді. Егер Бөжей қарадан емес, төре тұқымынан 
шыққан болса оның найзасының басына ақ, көк, ала ту тігуші еді. Ал қарадан өлсе, 
өліктің жасына байланысты ту ілетін. Бұл жерде ескіге жуық, салт жоралғыны 
білетін үлкендерден ақыл кеңес сұрап тудың түсін анықтайтын. Бөжей өлімінде жөн 
айтқан Сүйіндік: жас өлім болса қызыл ту, кәрі өлім болса ақ ту болады дейді. 
Бөжей орта жастың адамы болғандықтан оның қаралы туы жартылай ақ жартылай 
қызыл түсті болды [5,127]. 
Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі кісі қайтыс болғанда, көзі 
тірісінде мінген жылқыларының кекілі мен құйрығын шорт кесу. Бөжейдің қыс 
мінетін күрең аты мен жаз мінетін қара көк атының кекілдерін мен құйрығын 
Байдалы: «Иең кетіп, тұл қалдың ғой, сен бейбақ», - деп шорт кесісті. Көп 
жылқының ішіне бұл екі жылқыны жіберіп, жыл өткенге дейін ешкімнің қолы 
тимесін, иесінің жылдық асына сойылады деп серт берісті. Қазақ халқының ұлын 
үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан 
өзіндік салт - дәстүрлері бар. Бұл – әдет - ғұрыптар ұрпағының келешегін, нәсілінің 
болашағын ескеруден туындаған. Мәселен, шығарма желісінде Бел – белесте 
бөлімінде атастыру салтын кездестіре аламыз. Мәселен, Құнанбай Тінібек деген 
саудагердің баласымен қызы Мәкішті атастырды. Құда түсу – Ұлжан ана 
бастаған топтың Алшынбай еліне барып Абайды қайындату. 
Үйлену – екі жастың отау тіккен тойлары яғни Абаймен Дәлдәнің үйлену 
тойы шығарма көлемінде бірінші той болып есептелінеді. Бұл тойда екіжақты 
жастар саны тізіліп,жар – жаар айту дәстүрін көре аламыз, алма кезек қосылып 
айтылатын жыр.Жырды әуелі күйеу жақтың жігіттері бастайды. Екі жақ қосылып,
әр жолдың соңынан «жар – жар» деп қайырма қылып айтады. 
Сыңсу – қалыңдықтың жан күйер жақындарымен, елі - жұртымен қоштасу 
жыры осылай деп аталады. Мұны қалыңдық ұзатылар алдынан айтатын болған. Өзі 
туып өскен шаңырақтан аттап шығу қыз үшін жат жерге, көз көрмеген қиянға, бөтен 
жұртқа барумен бара – бар болуы да осыдан. Еріксіз ұзатылып бара жатқаны 
жанына батып, мұң -шерін осылайша жырға қосқан қалыңдық өз басының ғана 
наз - наласын айтып қоймай, жалпы қазақ әйелінің аянышты тағдырын танытып та, 
небір әсерлі, шыншыл жырлар тудырған [4,9]. Көрімдік - қуанышты жаңалыққа, 
хабарға берілетін сыйлық ол заттай яки ақшалай болуы мүмкін. 
Шашу – бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанында, келін 
түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат 
бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, жақсылық күндерде, құдa 
келгенде, тaғы бaсқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, ірімшік, өрік – мейіз, 
кәмпиттен, күміс теңгеден шaшылaды. Шaшылған шaшудан тойғa қатысушылар 
теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды, әдетте жасы үлкен 
әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде 
тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді. 


101 
Абай күйеулетіп келгенде Ділдә ауылындағы үлкен үйдің бәйбішесі өрік, мейіз, 
кәмпиті бар табақтан шашу шашты.
Құнанбайдың мешіт саларда, бата беруі. Үлкен іске бастама, оң жолды 
нұсқауына теңейді. Бұл арқылы қазақ халқының баталы сөзді қаншалықты 
бағалайтынын көре аламыз. 
Шығарма көлемінде Қазақ халқының қонақжай халық екенін барша ғаламға 
танытады. Мәселен Абайдың Қарқаралы көшесінде жалғыз өзі серуендеп 
жүргенінде бір топпен Шөжені көріп, оларға еріп кеткенде Шөженің маңындағылар 
оны үйіне шақырып, дәм ауыз тигізгілері келді.
Салт-дәстүр – халықтың тұрмыс – тіршілігі. Қазақ халқының мәңгілік рухани 
мұрасы – салт-дәстүр. Ғасырдан ғасырға үзбей, кейінге ұрпаққа қалдырып, жас 
буынға үйрету – әрбіріміздің парызымыз болып саналмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет