Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет68/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
жоспарланған нәтижелері болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар 
таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз иерархиялық түрде өзара байланысқан 
педагогикалық мақсаттар жүйесі. Қарқынды оқыту технологиясы өзіне ғана тән оқыту 
жүйесіне негізделіп, оқу материалдарын ұйымдастырудың жаңа ұстанымын құрайды және 
белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген 
дидактикалық жүйе. Қарқынды оқыту технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктерді 
ескеруді талап етеді: меңгерілетін материалдардың көлемі; қолданылатын әдіс-тәсілдердің; 
үйретілетін тілдік қатынастың үнемі жүргізілу ұстанымы; жеке тұлғаның психологиялық 
жай-күйі. Осы жерде қарқынды оқыту технологиясының өзге оқыту технологияларынан 
айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен жөн. Бірінші белгісі – 
студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарының ескеру белгісі. Осыған сәйкес, оқытудың 
негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен 
байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп 
оқытумен шатастырмау керек. Өйткені, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда, көбіне сандық 
көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Яғни, бұл жерде негізгі 
көтерілетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен 
ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендендіру, жан-жақты білім беру. Қарқынды 
оқыту технологиясының негізін ашу үшін «оқуды белсендендіру» ұғымын енгізуге тура 
келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі: студенттердің оқу іс-әрекетін 
белсендендіру және оқу үрдісін белсендендіретін әдістерді қолдану болса, «оқуды 
белсендіру» ұғымы осы мәселелрді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды 
оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-
тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. 
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық 
дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн 
таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Жобалау әдісі біріншіден – 
қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Төменде 
көрсетілетіндей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар 
дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді. Қазіргі таңда қолданылып 
жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің 
ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді. 
Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген 
мақсатқа өте нәтижелі жетеді. Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана 
камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге
оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-
біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, 
дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер 
жобалау технологиясымен қиылыспайды. 
И.Л Бим, И.А Зимний ,Т.Е Сахоровой, О.М Моисеевой, Е.С Полат, И. Чечель, L. Fried-
Booth, T. Hutchinson, D. Phillips және т.б. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі 
білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі 
арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру 
үрдісін көрсетеді. Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған 
технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды: · Оқушының 
жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі; · Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау 
қабілетіне 
бағыттау. 
Педагогикалық жобалау 
–кез 
келген 
мұғалімнің 
кәсіби 
қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін 
іздестіру) болып табылады. Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар 
туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет