қатынас» ұғымына өзінше анықтама береді. Леонтьев А.А. «қарым-қатынас» ұғымын
әмбебап коммуникативтік іс-әрекетке, яғни қарымқатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне
сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф. Ломов берді: «... қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол
қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның
құрамдас бөлімдері – сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуникантардың өзара
әрекеттесуі – жайлы сөз қозғайды. Б.Ф. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
1.
Макродеңгей;
2.
Мезодеңгей;
3.
Микродеңгей.
Макродеңгей – индивидтің басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдық қатынастарға,
дәстүрге, салтқа сәйкес қарымқатынас жасауынан көрінеді.
Мезодеңгей – тақырыптың мазмұнымен анықталады.
Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілі байланыс.
Неміс-американдық психолог К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде топ арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайығ тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған. Бақсылық
көріністер науқасқа әсер етудің дәстүрлік ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде
эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларыңа берілу,
таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат болды. Иландыру,
сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы
игерген. Соның арқасында бақсылық ұстаушылар әрекеттер топта санасыз қабылданып,
түсінік қылықтарға илану, психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левин есімімен байланысты. Ол
АҚШ-та 1933 жылы топтық динамика әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер
мәселесін шешумен айналысқан. Осыған қатысты Левин өзінің өрістер теориясын
индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын
құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір
психологиялық өріс болды. Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым
болған.