«Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні Дәріс Коммуникацияның негізгі тұжырымдамалары мен теориялары


Тікелей қарым-қатынас ақпарат алмасу және қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата17.02.2024
өлшемі203.31 Kb.
#492266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3 лекция «Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні

Тікелей қарым-қатынас ақпарат алмасу және қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін 
арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланысты. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, 
жердегі із т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио, теледидар). 
Тура қарым-қатынас кезіндегі бір-бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке контакті 
және қабылдауы, мысалы: дене контактілері, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап 
қайтаруы. 
Жанама қарым-қатынас басқа адамдар шыға алатын аралықтар арқылы жүзеге 
асады. Мысалы, мемлекет аралық, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. 
Инструментальді деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат 
іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, өзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты 
айтады. 
Мақсаттанған – бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлері болып вербальді және вербальді 
емес қарым-қатынас алынады. 


Вербальді емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тілді қолданбайды. Оған 
мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. 
Вербальді қарым-қатынас тек қана адамға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне 
байланысты ол вербальді емес қарым-қатанасқа бай болады. 
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың 
пайда болуы тікелей емес қарымқатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. 
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас 
болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарымқатынас – топтарда, жұптарда жеке дара 
ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде 
қалыптасатын түрі. 
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік 
мәлімет құралдары арқылы қарымқатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, 
эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет