«Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні Дәріс Коммуникацияның негізгі тұжырымдамалары мен теориялары


Педагог-зерттеушілер философтар мен психологтердің мәліметтерін интеграциялап



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата17.02.2024
өлшемі203.31 Kb.
#492266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3 лекция «Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні

Педагог-зерттеушілер философтар мен психологтердің мәліметтерін интеграциялап, 
«қарым-қатынас» ұғымына өз анықтамаларын берді. Мысалы, А.В. Мудрик қарым-
қатынасты әр түрлі субъективті қатынастар байланыстыра алатын адамдардың өзара 
әрекеттесуінің объективті процесі ретінде қарастырады. Қарым-қатынас бірлескен тіршілік 
іс-әрекет негізінде қалыптасады. Ол бір-біріне деген не оң не теріс қатынастың қалыптасу 
про- 
цесінде іске асады. 
В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым-қатынас арқылы байқалмайтын, 
бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның 
ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, 
қарым-қатынас адамгершілік-құндылық потенциалға ие. А.В. Мудрикке қарағанда, В.А. 
Кан-Калик қарым-қатынас функцияларын ішкі және сыртқы бөледі. Олардың әрқайсысы 
құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық 
қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру, бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, 
мінез-құлықтың, әдептік. 


М.А. Буева қарым-қатынасты тек рухани ғана емес, сонымен бірге материалдық
әлеуметтік-шынайы процесс ретінде қарастырды. Онда іс-әрекетпен, тәжірибемен, 
дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады. 
Т.В. Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы рөлі жайлы әңгімелей 
келе, қарым-қатынасты болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы 
ретінде қарастырды. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және топтық 
мінез-құлық формаларының, адамгершілік, эстетикалық құндылықтардың реттеушісі 
болып келеді. 
Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынасты субъект-субъектілік қатынастар болып 
келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекет және өзіне үлкен рухани, адамгершілік-
құндылық потенциалды кіріктіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет