Қарым-қатынастаадамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста
қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі,
қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және
дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас с адамның
психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай
анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-
құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп
қарастыруға болады.Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және
заттарымен ауысу), когнитивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (психикалық
және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен,
түрткілермен, қызы, шылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде
(әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен) болады.
Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ақпаратты кодтау – бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат
тура денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат адамдармен
сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (бір адамның екіншіні сырттан
оның әс-ірекетін бақылауы).
Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға тіл және белгілік
жүйелер; жазу түріндегі (мәтін, сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио
видеотехника) жатады.
Құралдары бойынша қарым-қатынас тікелей емес, тура және жанама болады.
Тікелей емес қарым-қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене)арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды
пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.