«Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні Дәріс Коммуникацияның негізгі тұжырымдамалары мен теориялары


Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата17.02.2024
өлшемі203.31 Kb.
#492266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3 лекция «Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні

Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін 
психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста 
қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі
қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және 
дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның 
психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай 
анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-
құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. 
Қарым-қатынастың 
маңызды 

функциясын 
бөліп 
қарастыруға 
болады. Қарымқатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш ролді 
атқарады. Бұл функциясын шартты түрде «прагматикалық» функция деп атауға болады. 
Бұл шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға әкеліп 
соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2 – функциясын «қалыптастырғыш» функция деп атауға 
болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып өзгертудің 
маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы, ісәрекеті және баланың 
қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер арқылы іске асырылады. Д. Элькониннің 
айтуынша: «Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және ересек адам». Даму барысында бала 
мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық 
процесіне және де баланың дербестік ерікті ісәрекетіне айналады. 
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды 
функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған 
екен: «Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі». 30-жылдары АҚШ-та 
эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру балалар жатқан. Оның 
біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал екіншісінде туысқандарымен 
жолықтырмайды. Осы екі клиникада жазылу тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде 
– бала өлімі жоқ, ал екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет