«Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні Дәріс Коммуникацияның негізгі тұжырымдамалары мен теориялары


  Қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негізі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата17.02.2024
өлшемі203.31 Kb.
#492266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3 лекция «Диалог, өзара іс-қимыл, коммуникация» пәні

3. 
Қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негізі. 
Психология мен педагогика ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-
қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін 
емес.Қарым-қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола келе, ертеден 
барлық ғылымдар үшін қызықты тақырыптардың бірі екені анық. Қарым-қатынас 
мәселесін өздерінің ғылыми еңбектерінде көпке танымал философтар, психологтер, 
педагогтер, әлеуметтанушылар қарастырған. 


Психологияда «қарым-қатынас» ұғымының түрлі анықтамалары бар. Қарым-
қатынасты философиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М.С. Каган. 
Ол қарым-қатынасты субъект аралық өзара әрекеттесу деп түсінді. Оның көзқарасына 
сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің 
объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше 
қарым-қатынасқа жатпайды. М.С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын 
бөліп қарастырды: 
• 
қарым-қатынас мақсаты субъектілердің өзара әрекеттесуінен тыс; 
• 
қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттесудің өзінде
• 
қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, 
құндылықтарына ортақтастыру; 
• 
қарым-қатынас 
мақсаты 
инициатордың 
өзін 
партнер 
құндылықтарына 
ортақтастыру. 
Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады: қарым-
қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне 
ортақтастыру ретінде заттық ісәрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысалыретінде 
қарым-қатынас іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-
қатынасты алуға болады; екіншісіне мысал – достық қарым-қатынас; үшісіне – тәрбие; 
төртіншіге өзін-өзі тәрбиелеуБерілген жіктеуде қарым-қатынас мақсаттары мен 
құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады. Психологияда қарым-қатынас 
мәселесімен Леонтьев А.А., Петровская А.А., Анисимов О.С., Бодалев А.А., Лисина М., 
Павлов К.Г. және т.б. айналысқан. Жоғарыда алғандардың әрқайсысы «қарым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет