Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет19/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

 Дизартрия және себептері 
Дизартрия 
дегеніміз 
сөйлеу 
мүшелерінің 
интервациясы 
жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстарының айтылу 
кемістіктері. Дизартрия (грек тілінен аударғанда) «артрон – мүшелену, 
бөлшек», «дие – бұзылу» сөздерінен шыққан. Анықтап айқын сөйлеудің 
бұзылуы деген мағынаны білдіреді. Дизартрия сөз бұлшық еттері 
иннервациясының бұзылуынан сөздің жылдамдығы, мәнерлігі, құрылымы 
немесе сөздің дыбысталуының бұзылуы. Дизартрия орталық жүйке 
жүйесінің күрделі зақымдану нәтижесінде пайда болады. Дизартрияның 
басты көріністері: сөйлеу тілі дыбыстарының бұзылуы, дауыстың пайда 
болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу тілінің шапщаңдығындағы, 
сарынындағы өзгерістер жатады. Аталған кемістіктер орталық және шеткі 
нерв жүйесінің зақымдануы, кемістіктің ауырлығына, ақаулықтың пайда 
болған уақытына байланысты әртүрлі дәрежеде көрінеді. 
Эмбриондық кезеңдегі мидың зақымдануымен және ми бөліктеріне ауа 
жетіспеу (гипоксия), қатерлі жұқпалы аурулардан зақымдануына 
байлынысты бес түрі бар: бульварлы, псевдобульварлы, ми қабықасты, 
мишықтық, ми қыртысты. Аталған зақымдану нәтижелерінде сөз мүлде 
түсініксіз, себебі сөздік артикуляциялық бұлшықет қозғалыстары 
шектелген, параличке - парезге ұшырайды немесе анартрия деп аталады. 
Артикуляциялық органдардың бұлшықеттерінің зақымдауына байланысты 
дизартриялық белгілер тілдің дыбысталуында білінеді. Мысалы, жұмсақ 
таңдай бұлшықеттерінің зақымдануында дыбыс мұрынмен шығады; көмей 
бұлшықеттері зақымданғанды дауыс қырылдап шығады. Бұндай құбылысты 
афония деп атайды. Сондай-ақ гиперкинез ырықсыз қозғалыстар байқалады. 


49 
Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерімен байланысты 
туындайтын тілдік бұзылулар сыртқы ықпал етуші себептерден болады. 
Баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына 
әртүрлі жағымсыз жағдайлардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық 
нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. Бұл оттегінің 
жетіспеуінің, 
интоксикациялық 
жағдайлардың, 
жүкті 
әйелдердің 
токсикоздық жағдайлары нәтижесінде, құрсақтағы зақымданудан болады. 
Мұндай жағдайлар көбінесе бала туылған кездегі асфиксиядан да пайда 
болады. Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Е.М. 
Мастюкованың берген мәліметі бойынша сал ауруына шалдыққан баланың 
65-85 % дизартрия болады екен. 
Балалық 
шақтағы 
дизартрия 
мәселесі 
клиникалық, 
нейролингвистикалық, психопедагогикалық бағытта қарқынды жетілуде.
Балалардың церебральді сал ауыруына қатысты автор сөйлеу тілінің 
бұзылуын төрт деңгейге бөледі: 
- І деңгей – ең жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы тексеру 
барысында ғана анықталады
- ІІ деңгей – айналасындағылар дыбыс айту бұзылыстарын байқайды, 
бірақ сөздері түсінікті болады; 
- ІІІ деңгей - баланың сөзі тек жақын адамдарға ғана түсінікті, басқалар 
түсінбейді; 
- ІV деңгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ немесе жақындары да түсінбейді 
(анартрия). 
Дизартриясы бар балалар клиникалық-психологиялық сипаттамасы 
бойынша әр түрлі топтарды құрайды. Дизартрияның ең ауыр түрлері 
интеллекті сақталған, зияты бұзылған балаларда кездесуі мүмкін, ал жеңіл 
немесе «көмескі» түрі интеллекті сақталған балаларда кездеседі. 
Зақымданудың орталық жүйке жүйесі деңгейінде орналасуымен 
ерекшеленетін түрлері 
1. Спастикалық дизартрия пирамидалық жолдардағы зақымдануларға 
байланысты, бет пен мойын бұлшықеттерін моторлы басқарумен 
байланысты. Дизартияның бұл түрінде сөйлеу көлемінің кенеттен 
жоғарылауы пайда болады. Дауыс беру шиеленісті және мәжбүр болуға 
бейім. 
2. Аттикалық - мишықтағы зақымданулар атаксиялық дизартрияны 
тудырады, оларға тән белгілер тегіс, монотонды және баяу дауыс берудің 
болуы. Дизартрияның осы түріне тән сөйлеу кейде «жарылғыш» деп 
сипатталған. 
3. Флакцид - дизартрияның бұл түрінде кезбе (блужающий) нервке әсер 
етуінен көмейдің - дауыс жолдарының қозғалысын қамтамасыз етеді. 
Диффункциялар басқа бет бұлшықеттерінде де болады. Қатерлі дизартрия 
кезінде бұлшықеттер атрофияға немесе ішінара параличке ұшырап, спазм, 
сұйықтық және бұлшықет кернеуін тудыруы мүмкін. 


50 
4. 
Гиперкинетикалық 
дизартрия 
базальды 
ганглиядағы 
зақымданулардан, еріксіз қозғалыстарға қатысатын субкортикалық 
құрылымдардан туындайды.
5. Гипокинетика - гипокинетикалық дизартрия кезінде Паркинсон 
ауруының салдары ретінде пайда болады. Антипсихотикалық дәрі-
дәрмектерді қабылдаудың себебі жиі кездеседі. Бұл жағдайда әдетте дыбыс 
деңгейі өте төмен, тембрі тегіс және монотонды.
6. Аралас - клиникалық белгілері біз сипаттаған дизартрия түрлерінің 
бірнешеуінің 
жиынтығы 
болған 
кезде 
қолданылады. 
Аралас 
дизартрия әртүрлі қозғалтқыш жүйелеріндегі әсерлерге байланысты. 
Дизартриясы бар балалар жалпы психофизикалық дамуына байланысты 
бірнеше топқа бөлінеді: 
- Психофизиологиялық дамуы қалыпты балалардағы дизартрия; 
- Сал балалардағы дизартрия; 
- Зияты бұзылған балалардағы дизартрия; 
- Гидроцефалиямен зақымдалған балалардағы дизартрия; 
- ПДК балалардағы дизартрия; 
- Минимальді дисфункциясы бар балалардағы дизартрия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет