Тілдік кемістіктердің невротикалық түрі
Райнер Тёпле симптоматикалық невроздарды және психоневроздарды,
әсіресе, психодинамикалық тұрғыдан бағалай отырып, оларды балалық
54
шақтағы «мен» құрылымының бұзылуы немесе ерте балалық кезеңдегі
ауытқулардан (бұзылулардан) туындаған невроздар деп сипаттайды.
Балалар неврозын Р.Тёпле былайша топтастырған:
І. Балалық қезеңге тән невроздар
ІІ. Балалардың ерте жастағы психореактивті патологиялық дамуы
ІІІ. Балалармен қатыгездік қарым-қатынас пен жыныстық зорлықтан кейінгі
психикалық зардаптар
Балалық қезеңге тән невроздар: түнгі және күндізгі энурез, энкопрез,
тілдік кемістіктер, мутизм, тәрбиедегі қиындықтар мен мінез-қылықтың
бұзылуы.
Тілдік кемістіктердің алғашқы невротикалық емес түрі - органикалық
факторлардан тілдің моторлы қызметінің бұзылуынан (дислалия,
ринолалия), екінші невротикалық түрі - жүйке жүйесі зақымдануынан
болады.
Мутизм тілдік қабілеттері дұрыс қалыптасқан адамның (баланың) тілдік
қарым-қатынастан бас тартуы. Мутизмнің пайда болуы мөлшерден жоғары
деңгейдегі қорқақтықпен байланысты. Тотальды және селективті түрлері
бар. Тотальды мутизм сирек кездесетін түрі, айналасындағы барлық
адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартады және психоздың
басталуын көрсететін белгі. Ал селективті түрі жиі кездеседі, бала өзіне
жақын таныс адамдармен ғана еркін қатынасады, ал аз білетін немесе бөтен
адамдарға негативті қарым-қатынас көрсетіп, сөйлеспейді.
Тәрбиедегі қиындықтар мен мінез-қылықтың бұзылуына тәрбиелеуде
болған
кемістіктерден
туындайтын
балалар
неврозы
жатады.
Гиперкинетикалық синдром (Цаппельфилипп синдромы) мінез-қылықтың
бұзылуы ретінде диагностикаланады. Бұл синдромның көріністері: мазасыз
қозғалыстар, зейіннің бұзылуы, фрустрациялық толеранттылықтың
төмендеуі мен жоғарлауын меңгере алмау. Еркек балаларда жиі кездеседі.
Қызықтыратын
әрекеттермен
айналысқанда
мазасыз
қозғалыстар
жойылады. Ерте балалық шақта болған жеңіл жарақаттардан кейін
гиперкинетикалық синдром жиі кездеседі. Сондайақ орта факторларының
(гиперстимуляция, үнемі отбасындағы жағымсыз жағдайлар) әсерінен де
пайда болуы мүмкін.
Балалардың ерте жастағы психореактивті патологиялық дамуы
(психикалық госпитализм) асыраушысынан айрылғанда (анасының қайтыс
болуы, тастап кетуі немесе баланың ұзақ уақыт ауруханада болуы) және бір
жасқа дейінгі кездегі эмоциялық қамқорлық пен қарым-қатынастың
жеткіліксіздігінен болатын психикалық келеңсіздіктермен сипатталады.
Жоғарыда аталған себептерден балалардың ерте жастағы психореактивті
патологиялық дамуы төмендегідей симптомдармен сипатталады.
Сепарациондық шок емшек еметін және нәрестелік кезеңде аяқасты
және ұзақ уақыт анасынан алшақтықты уайымдау-қайғырудың деңгейі мен
әсеріне байланысты туады. Балада қарсылық көрсету, тайынбаушылық
(өжеттілік), бас тарту фазалары біртіндеп айқындалады (Боулби).
55
Анаклитикалық депрессия (Шпитц) психикалық және соматикалық
дамудағы тежелулермен, өз-өзіне кету, апатия симптомдарымен сипатталады.
Ментальды (истощение) жүдеу (Трамер) психосоматикалық бұзылулармен
және қалыпқа келмейтін психикалық кемістіктермен сипатталады.
Госпитализм (Пфаундлер) физикалық және психикалық күрделі ауыр
кемістіктермен, өмір сүру қауіп-қатерлерімен сипатталады.
Тұтықпа немесе тұтығу сөйлеу кезінде тілдің мүкістігінен сөзді жатық
айтылмай, буын - буынға бөлініп айтылып, оларды қайталап айту кезінде
қиындық келтіруі тұтықпа деп аталады. Тұтықпа бала сөзді тізбектеп түтас
айтуға тиісті болатын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы
кішкентай кезде көбірек байқалады. Невротикалық тұтықпа көбіне баланың
шошынуынан, тұрмыс қалпының өзгеруінен болады. Бұл ретте әлсіреген
организмге, психикалық дамудың туа біткен ерекшеліктеріне, шамадан тыс
күш түсуге сыртқы жағдай зардапты әсерін тигізеді. Тұтықпа көп жағдайда
еліктеуден басталады. Тұтықпа бала тілінің мүкістігіне қатты күйзеледі. Ол
біртіндеп адамдармен сөйлеуден, әсіресе өзі үшін бейтаныс адамдармен
сөйлесуден қаша бастайды. Тұтығу қорқынышы әсіресе мектепте оқып
жүрген кезде белең алады. Бұл жағдай жеке бастың невротикалық дамуына
апарып соғады. Тұтықпа балалар, сондай-ақ, оларды тәрбиелейтін үлкен
адамдардың айрықша ықылас бөлуін керек етеді. Олар үшін емдеп қалпына
келтіру шараларының жүзеге асырылуы қажет. Бұл орайда мұғалім мен
тәрбиеші де баламен араласу үшін қолайлы жағдай туғыза отырып, өз
үлестерін қоса алады.
Тұтықпадан сақтандыру үшін баланың сөздік тапсырмасын жеңілдету
керек. Сөздерді өз бетімен құрастыру қажеттігі жоқ жерде бала тұтықпадан
аз азап шегеді немесе мүлде тұтықтырады. Балаға күрделі лексикалық -
грамматикалық орамдарды айтқызуға онша үйір болмаған жөн, өйткені сөз
мағынасын ұқпау, айтылуы қиын сөздерді айтудан қымсыну, түптеп
келгенде, тұтықпаға соқтырады. Егер тұтықпа белгілі бір тілдік даму
ерекшеліктерінің негізінде пайда болатын болса, оны логопед жөндей алады.
Ал егер ол невроз симптомы болып табылатын болса, онда оны емдеумен
психоневрологтың айналысқаны жөн.
Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерімен байланысты
туындайтын тілдік бұзылулар сыртқы ықпал етуші себептерден болады.
Невротикалық тұтығулардың негізгі себептері: ағымды және күрделі
психикалық жарақаттар – қорқу, қалыпты тіршілік стереотипінің аяқасты
өзгеруі (жақын адамынан айырылу, больницаға түсу және т.б.) жатады.
Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің
невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бұзылуға
жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы. Мұндай
аурулардың ұйқысы бұзылады, ұйқы демалыс әкелмейді, керісінше көп түс
көргеннен шаршап тұрады, көңіл күйлері, тәбеті төмен. Осындай бұзылудан
сөйлеу қорқынышы (логофобия) пайда болады. Логофобия - бала сөйлеуге
қорқады. Кейде сөйлеу қорқынышының күшті болғанын бір жағдайларда
56
бала үндемей қалады, кей жағдайларда сыбырлап зорға сөйлейді. Сөйлеуден
қорыққаннан балада тұлығу пайда болуы мүмкін. Тики- (бұлшық еттер
дірілі) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі. Тики - еріксіз өзінен - өзі
көз қабығының беттің бұлшық еттерінің тартылып тұруы. Тики, көбінесе,
баланың күні бойы ойнап, шаршаған кезінде байқалуы мүмкін: баланың беті
жыбырлап, ерні діріл қағып, мүрын еті үлкейіп, ісініп, көздің жыпылықтауы
байқалады. Тики ауруы да тұлықпа тәрізді жүйкесіне байланысты екені
анықталған. Осы белгілерді байқаған ата - ана, тәрбиеші баланы бала
психиатрына көрсетуі керек. Дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындау, дәрі -
дәрмекті уақтылы қабылдау, күндіз баланы ұйықтату, басымен құлап
қалмауын қадағалау, сабақты көп оқытпай, демалдырып барып оқыту т. с.с.
ережелерді қатал пайдаланып отырса, бала аурудан айығып кетеді.
Тұтығудың туындауына: жүйке – психикалық дамуының туа біткен
ерекшеліктері, әртүрлі ауруларға байланысты организимнің әлсіреуі,
тәрбиелік қателіктер, тілдік аппараттарға артық салмақ түсіру, тілдік
дағдылармен олардың дамуына көңіл бөліну жатады. Невротикалық
тұтығудың шығуына еліктеу факторы мен еліктеудің шартты рефлекске тез
айналуы маңызды орын алады.
Тілдік бұзылудың невротикалық формасына мутизм мен сурдомутизм
жатады. Мутизм (мылқаулық) өте ауыр психикалық жарақаттардан кейін
пайда болуы мүмкін. Сондайақ басқа да невротикалық бұзылулармен
көрініс табады. Аталған көріністерге сурдомутизм – естімейтін мылқаулық
жатады. Мутизм көп жағдайда қоршаған жағымсыз ықпалдарға пассивті
реакциясы ретінде де болады. Бұл жағдайда элективті – таңдамалы сипатқа
ие болады. Мысалы: белгілі бір адаммен өкпе немесе кек қайтару
мақсатында сөйлемеу; кейбір жағдайларда бала тек үлкен адамдармен ғана
сөйлеспейді. Мутизмнің негізінде баланың қалыптасқан күрделі
жағдайлардан құтылу реакциясы жатыр.
Мутизм тілдік қабілеттері дұрыс қалыптасқан адамның (баланың) тілдік
қарым-қатынастан бас тартуы. Мутизмнің пайда болуы мөлшерден жоғары
деңгейдегі қорқақтықпен байланысты. Тотальды және селективті түрлері бар.
Тотальды мутизм сирек кездесетін түрі, айналасындағы барлық адамдармен
қарым-қатынасқа түсуден бас тартады және психоздың басталуын көрсететін
белгі. Ал селективті түрі жиі кездеседі, бала өзіне жақын таныс адамдармен
ғана еркін қатынасады, ал аз білетін немесе бөтен адамдарға негативті
қарым-қатынас көрсетіп, сөйлеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |