Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

сенсомоторлы, психологиялық және тілдік болып бөлінеді. Сенсомоторлы 
концепцияны жақтаушылар алалиядағы сөйлеу тілінің жетілмеуін 
сенсомоторлы функциялардың (есту агнозиясы, апраксия) патологиясымен 
байланыстырады. Психологиялық концепцияларға сәйкес алалияда 
психикалық әрекеттің кейбір жақтарының патологиясы байқалады. Тілдік 
концепция жақтаушылары сөйлеу тілінің жетілмеуін қабылдау процесінің 
тілдік операцияларының және сөздің пайда болуының қалыптаспауымен 
байланыстырады. Соңғы көзқарас аса негізделген және сөйлеу тілі туралы 
қазіргі заманға сәйкес ғылыми түсініктерге сай болып отыр. Себебі сөйлеу 
тілі көп сатылы әрекет, оның құрылымы күрделі және тек қана 
сенсомоторлы деңгеймен байланыстырылмайды. 
Алалияның топтастырылуы 
Алалия өзінің механизмі, белгілері және сөйлеу тілінің дамымауының 
деңгейі бойынша біркелкі емес. Оны зерттеу және ажыратуға деген 
көзқарас негізінде, зерттеушілер бұл бұзылыстың бірнеше түрін атайды. 
Алалияның түрлерін ажырату негізінде әр түрлі критерийлер 
жатқандықтан, оның топтастырылуы да алуан түрлі. А.Либманн (1925) 
алалияның мынандай түрлерін бөліп атады: моторлы естімеу – сөйлемеу; 
сенсорлы естімеу – сөйлемеу; сенсомоторлы естімеу – сөйлемеу; ауыр тіл 
кемістігі мен естімеу - сөйлемеу арасындағы өтпелі түрі. 
Р.Е. Левина (1951) бұзылыстың психологиялық топтастырылуын 
ұсынады, онда балалардың топтары мынандай: естіп (фонематикалық) 
қабылдауы толық емес балалар, көріп (заттық) қабылдауы бұзылған, 
психикалық белсенділігі бұзылған балалар. В.К. Орфинская (1963) 
лингвистикалық топтастыруды құрастырады. Онда алалияда сөйлеу тіл 
жүйелерінің бұзылуының түрлері бойынша тіл жүйелерінің біріншілік 
немесе екіншілік бұзылыстарын он түрге бөледі: моторлы алалияның төрт 
түрі, сенсорлы жеткіліксіздіктің төрт түрі, сөйлеу тілі дамымауының 
негізінде жатқан қимыл-көру бұзылыстарымен байланысты екі түрі.
М. Зееман (1962) балалық жастағы орталық сөйлеу тілі бұзылыстарын 
(дисфазия) моторлы афазияға, аграфияға, алексияға тән түсінігі сақталған 
белгілері бар экспрессивті дисфатиялық бұзылыстар және сенсорлы 
афазияға ұқсас рецептивті дисфатиялық бұзылыстар деп бөледі. 
Авторлар 
балалық 
шақтағы 
афазиямен 
(алалия) 
ересектер 
афазиясының айырмашылығын атайды: балалардың бұзылыстары тұрақты 


40 
және жиі кездеспейді, себебі баланың миы үнемі дамуда, және де онда 
орнын басушы функциялар қалыптасып жаңа байланыстар пайда болады.
В.А. Ковшиков (1985) бойынша алалияның импрессивті (сенсорлы) 
және экспрессивті (моторлы) түрлері бар. Экспрессивті алалия дегеніміз, 
тіл бірліктерін меңгерудің және олардың функциясының бұзылуымен 
сипатталатын тіл бұзылыстары. Оның белгілері: артикуляциялық және 
мағыналық 
операциялар 
сақталған 
жағдайдағы 
грамматикалық, 
лексикалық және фонематикалық операцияларды меңгере алмау. 
Е.Ф. Соботович (1985), бұзылысты және сөз әрекетінің механизмдерін 
психолингвистикалық тұрғыдан талдай келе, алалияның түрлерін бөліп 
атайды: тілдік синтагматикалық және парадигматикалық жүйелерін 
меңгерудегі бұзылыстар. Моторлы алалияда, Е.Ф. Соботовичтің пікірі 
бойынша, тілдің белгі түрін (сөйлеудің туу процесіндегі белгілерді 
біріктіру және ережелерді қолдану ережелерін меңгеру) меңгерудің 
бұзылуы байқалады. Алалияны сенсорлы және моторлы түрлерге бөлу 
бала дамуының ерте кезеңдерінде шартты түрде болады, тек кейін ғана 
бұзылыстың негізгі компонентін анықтауға болады.
Жаңашыл зерттеулерде мұндай бөлу экспрессивті және рецептивті 
алалия (осылай афазияны бөлу) терминдерінде орын табады. Бұл 
терминдермен 
бұзылысты 
топтастырудың 
физиологиялық 
емес, 
психологиялық жағы белгіленеді. Бірқатар зерттеушілердің (К.П. Беккер, 
М. Совак, 1981; К.П. Критчли, 1974, т.б.) ойы бойынша алалияда сөйлеу 
тілінің орталық бұзылыстары вербальды акустикалық агнозия және 
вербальды моторлы апраксия (сөз белгісін, үлгіні жасай алмау және айта 
алмау) түрінде кездеседі. 
Алалияның бірнеше деңгейлері бар: сөйлеудің бұзылуының 
қарапайым түрінен байланыстырып сөйлеуді мүлдем қолдана алмауына 
дейін. Сонымен, алалия мәселесіне арналған әдебиетте көрсетілген 
мағлұматтар көпжақты және пікірталасты 
Сөйлеу тілі, күрделі процесс ретінде динамикалық шоғырлануға ие, 
және де сөйлеу әрекетіне қатысатын бас миының әр түрлі құрылымдары 
үнемі өзгеріп тұратын байланыстарға түседі. Өз құрылымы бойынша 
күрделі-ұйымдастырылған және полимодальды сөйлеу процесі тек қана 
моторлы деңгеймен шектелмейді. Алалиясы бар балаларға экспрессивті 
сөйлеу тілінің кешігіп пайда болуымен қатар, оның патологиялық түрде 
дамуы тән. 
Сенсорлы алалия 
Сенсорлы алалияның негізгі белгілері, ол есту-сөйлеу анализаторы 
қызметінің бұзылу салдарынан болған сөйлеу тілін түсінбеуі. Ол 
доминантты жартышардағы самай бөлігінің зақымдануынан пайда болады. 
Соның 
салдарынан, 
бас 
миының 
қабығына 
өтетін 
дыбыс 
қоздырғыштарының жеткіліксіз талдап жинақтауына әкеп соғады, одан соң 
дыбыстық бейнемен, ол белгілеген зат арасында байланыс болмайды. 
Балалар айтқан сөзді естігенімен, түсінбейді, себебі, қабылдап алатын 


41 
сөйлеу тіл механизміндегі, дыбыстарды ажыратуы дамымаған. Бас мидың 
жасушалары жетілмегендіктен, дыбысталған сөздің әсерінен қозулар басқа 
анализаторларға тарамайды, сөзбен байланысты бар күрделі динамикалық 
құрылым қозбайды.
Сенсорлы алалияда, сөйлеу тілінің дыбыстары алғашқы талдаудан 
өтетін есту-сөйлеу анализаторының қабықша аяғының (жоғарғы самай 
қатпарларының жасушаларында — Гешль ілмегі) аналитика-синтетикалық 
іс-әрекетінің ауыр бұзылысы байқалады. Бұл балаларда фонематикалық 
қабылдауы, акустикалық-гностикалық процестері қалыптаспаған, сөйлеу 
тіліндегі дыбыстарды қабылдау қабілеті төмен. Фонемаларды ажырата 
алмауы, сөзді толық түрде қабылдамауы байқалады, 
Сенсорлы алалия моторлы алалияға қарағанда аз зерттелген. Кейбір 
жағдайда, оны аталмыш бұзылысы бар балалар санының аздығымен 
байланыстыруға болады. Оны дифференциалды түрде диагностикалау 
және бұзылыстың басқа түрлерінен ажырата білу қиындық туғызады. 
Сенсорлы алалия мәселесі оны зерттеу тарихы бойы аса көп 
пікірталастарды туындатты. Уақыт өте келе, диагностикаға деген талаптар 
өзгертіліп отырады, бұзылыстың түсінігі кейде азайып, кейде өзектіге 
айналды. 
Сенсорлы алалияны өз бетінше бұзылыс ретінде қарастыру мәселесі, 
бүгінгі күні де, кейбір зерттеушілерде күмән тудырып отыр, олар «диагноз 
кейде қажетсіз, негізсіз қойылады» деуде. Бала айтқан сөзді түсінбесе, 
немесе жеткіліксіз түсінсе, оның есту қабілетінің жағдайы туралы сұрақ 
туындайды. Көптеген арнайы зерттеулер көрсеткендей, көбінесе сенсорлы 
алалиясы бар балаларда тональды (физикалық) естуінің сәл ғана төмендеуі 
байқалады екен, алайда ол, сөзді түсінуінің дамуындағы айтарлықтай 
тежелуді туындатпайты. Мысалы, Н.Н. Трауготт: 6 м. қашықтықтан 
айтылған сөзді естіген балалар туралы айтады — бұл қалыпты есту 
қабілетіндегі сөзді қабылдаудың орташа деңгейі, бірақ, балалардың зияты 
қалыпты болғанымен, естігеннің мәні оларға түсініксіз болып қала берді. 
Зерттеушілердің пікірі бойынша, егер сенсорлы алалияда есту қабілеті 
төмен болса да, сөйлеу тілінің дамымауында ол жетекші (негізгі) емес. 
Қабылдаудың жеткіліксіздігі есту қабілетінің төмендігімен емес, бас ми 
қабығының ерекше жағдайымен байланысты. 
Ю.А. Флоренскаяның айтуы бойынша, сенсорлы алалияда (сенсорлы-
акустикалық синдромында) акустикалық қозғыштықтың және есту 
функциясының әлсіздігінің ерекше жағдайы байқалады. Оның салдарынан 
есту реакциялары тұрақсызданып, естіп ажыратудағы қиындықтар, естіп 
талдап жинақтауының жеткіліксіздіктері пайда болады. 
Н.Н. Трауготт, С.И. Кайданова (1975) сенсорлы алалиясы бар 
балаларда жиілігі жоғары тондарды нашар еститіні, тональды (сөзсіз) және 
сөзді естудің бұзылысы болытыны туралы айтады: балаларда, оған 
жеткілікті дауыс қаттылығында дыбыстық қозғыштарға деген шартты 
байланыстардың пайда болуы қиындайды. Қалыпты жағдайда, сөйлеу тілін 


42 
түсіну, қабылдайтын сөздерді ажыратудан танудан басталады, мұнда әр 
түрлі дыбыстардан сөз құралатындай жүйке байланыстары пайда болады. 
Сөздегі дыбыстар белгілі бір кезектілікте айтылып қабылданады. 
Дыбысталу мен мән арасында байланыстар белгіленіп, байланыстар жүйесі 
құрылады. 
Біртіндеп, 
дыбыстар 
кешенімен 
көру 
кешендерінің 
ассоциациясы пайда болып, бекітіледі. 
Сенсорлы алалияда сөзбен зат (іс-әрекет) арасындағы байланыс 
қалыптаспайды. Бұл құбылысты зерттеушілер тұйықтаушы акупатия деп 
атайды. Сенсорлы алалиядағы есту қабілетінің жеткіліксіздігін 
зерттеушілер бас миының жетілмей қалған немесе зақымдалған 
клеткаларының зақымдану аясының көлемімен, баланың бас миында 
шоғырланған зақымдардың шағын сипатымен түсіндіреді. 
Кейде сенсорлы алалиясы бар балалар естімейтіндерге және нашар 
еститіндерге арналған арнайы мекемелерге негізсіз жіберіліп жатады. 
Сенсорлы 
алалиядағы 
түсінудің 
бұзылуының, 
есту 
қабілетінің 
төмендігіндегі бұзылысынан едәуір айырмашылығы бар. Бақылаулар 
көрсеткендей, нашар еститіндердің қабылдау шегі нақты және тұрақты, ол 
төмен болса дыбыс сигналдарын ажарату мүмкін болмайды. Сенсорлы 
бұзылыс болса, есту қабілетінің төмендігінен қабылдаудың нақты шегінің 
жоқтығымен ажыратылады, балада есту функциясының тұрақсыздығы 
байқалады: дауыс қаттылығы бірдей сигналдар бірде қабылданып, бірде 
қабылданбайды. Ол баланың аса тежелгіштігі немесе қозғыштығына, оның 
соматикалық және жүйке жағдайына, психикалық белсенділігіне, қоршаған 
орта ерекшеліктеріне, тексеру жағдайына, сигналдарды беру тәсілдеріне 
және тағы басқа факторларға байланысты. Бас миының жетілмеуі немесе 
ерте зақымдануы, жоғарғы жүйке процестерінің дұрыс өтуіне мүмкіндігі 
жоқ, жетілмеген мидың жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп 
соғады. 
Кейде балалар айналасындағылардың сөзін таңертең жақсы 
қабылдайды — түнгі ұйқыдын соң бас ми қабығының қызмет функциясы 
жоғары, ал кешке шаршаған соң, сөзді ұғынуы қиын болады. Басқа 
жағдайларда, балалар сөзді кешке жақсы ұғады, себебі, таңертең әлі де 
түнгі ұйқының тежелгіш фоны әсер етеді, жаттығулардан соң, қабылдауы 
жақсарып, бас миының клеткалары қызмет ритміне қосылады. 
Айтылған сөздің дауысының қаттылығын көбейткенде нашар еститін 
балалардың түсінуі жоғарылайды, ал сенсорлы алалиясы бар балаларда 
керісінше болады. Аса күшті қоздырғыштар бас миының қабығында 
шектен тыс шыққан қорғаныш тежеліс туындатады, жетілмей қалған 
клеткалар функциональды блокада жағдайына ұшырайды, тежелу процесі 
жоғарылап, 
клеткалар 
іс-әрекеттен 
шығып 
қалады. 
Сенсорлы 
жеткіліксіздігі бар бала дауыс қаттылығы жоғары, айқайға қарағанда, 
ақырын, қалыпты сөйлеу тілін әдетте, жақсы қабылдайды. Естуді 
күшейткіш аппараттарын қолдану нашар еститіндердің қабылдауын 
жақсартқанымен, сенсорлы алалиясы бар балалардың қабылдауын 


43 
жақсартпайды. Сенсорлы алалиясы бар балалардың есту қабілетінің 
жағдайы туралы бірдей пікір болмағанымен, жеке зерттеулерде жиіліктің 
барлық диапазонында естудің сәл ғана төмендеуі байқалатыны, есту зейіні 
мен қабылдауында аса жоғары әлсіздік болатыны туралы айтылады. 
Сенсорлы алалияда қабылдау мүмкіндігі дыбыстық қозғыштардың 
жету темпіне, олардың арасындағы интервалдан, қабылдауға берілген 
дыбыстардың сапасынан тәуелді болады. Таза тондар нашар қабылданады. 
Нашар еститіндермен салыстырғанда сенсорлы алалиясы бар балаларда 
«гиперакузия» жиі кездеседі — айналасындағыларға қызықсыз 
дыбыстарды аса сезіну: қағаз мыжығандағы дыбыс, қораптағы сіріңке 
шилерінің дыбысы, тамшылаған су дыбысы, ақырын шыққан сықыр 
дыбысы т.б. Нашар еститін балалар бұл сигналдарды қабылдай алмайды. 
Сау адамдар бұл дыбыстарды естиді, бірақ оларға шаршамаған, 
ашуланбаған болса немесе жақсы көңіл-күйде болса оларға мән бермейді. 
Сенсорлы алалиясы бар балалар мұндай дыбыстарды жақсы қабылдап, 
оларға реакциясын білдіреді: тынышсызданып, жылап, құлағы, басы 
ауырғанына немесе басқа қолайсыз сезімдеріне шағымданады. Бұл тағы да, 
баланың есту қабілетінің сақтаулы екенін дәлелдеп, «үйренбеген 
дыбысталулар кейде бас ми қабығының жетілмеген клеткаларына аса 
күшті қоздырғыш» болып табылады. Сенсорлы алалиясы бар бала кейде 
кез келген дауыс қаттылығындағы таныс емес дыбыстарды мүлдем 
елемейді. 
Сенсорлы алалиясы бар балалар күрделікті айналасындағылардан 
естіп қабылдаған жеке буындарды, дыбыс қосындыларын, сөздерді және 
қысқа фразаларды аяқ астынан, арнайы оқытусыз қайталауы мүмкін, 
алайда қайталауы тұрақсыз болады. Есту қабілеті ауыр деңгейде бұзылған 
балалар өз бетінше қоршаған ортадан сөздер мен фразаларды меңгере 
алмайды. Дыбыстарға еліктеу сенсорлы алалияда тұрақсыз және көбінесе 
жағдайға байланысты. Сенсорлы бұзылысы бар балалар затпен оның атауы 
арасындағы байланысты түсінбеуімен сипатталады, оларда естіген 
сөздерімен 
өздері 
айтқан 
сөздер 
арасында 
заттық 
сәйкестік 
қалыптаспайды. Баланың енжар сөздігі тұрақсыз және белсендіден едәуір 
артта қалады. Бала көбінесе затты кез-келген жағдайда атай алғанымен, 
оның атауын тек қана жеке, белгілі бір жағдайда ғана таниды. Есту қабілеті 
бұзылған балаларда арнайы оқыту нәтижесінде сөзбен зат арасындағы 
байланыс тез арада белгіленеді, және де ол байланыс тұрақты болып 
табылады. 
Нашар еститін баламен сенсорлы алалиясы бар баланың дауыстары 
әртүрлі. Нашар еститін балада дыбысталуы, дауыс қаттылығы жоқ, 
сөйлеуінің интонациясы жеткіліксіз, эмоциялық жағынан айқын емес. Ал 
сенсорлы алалиясы бар балаларда дауысы қалыпты, олар дыбыстармен 
сөздерді дұрыс модуляциямен, интонациямен айтады. Нашар еститін 
балалар сенсорлы алалиясы бар балалармен салыстырғанда қарым-
қатынасқа тез түседі. Осы және басқа да белгілер педагогтардың бала 


44 
бойындағы 
бұзылысты 
дұрыс 
белгілеуге 
көмектеседі. 
Дұрыс 
диагностикалау, түзете-тәрбиелеп әсер етуде, аса тиімді құралдарды 
тандауды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет