Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет20/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Дизартрияның түрлері: 
1. Сопақша ми дизартриясы – артқы мидың қурымына кіретін сопақша 
мидың қабыну л ісік ауру-на шалдыққан кезді байқалады. Сонымен 
сопақша миға орналасқан бас сүйек пен миға қатысты қимындатушы тіл 
асты, тіл жүтқыншақ кейде 3 жақты, кезбе нервтерінің маңызды бөліктері 
бұзылады. Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ, көмекейдің, тілдің. 
Жұмсақ таңдайдың бұмиық еттерінің сал болып л әлсізденіп қалауымен 
сипатталады. Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды. Міңгірлеп өте 
түсініксіз және көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизартриясы бар баланың бет 
әлпеті келіссіз келеді.
2. Ми қыртыс асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы 
тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртыс асты дизартриясы 
бұлшық еттер күш-қуатының ширығуының әсер етуінен және 
гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез – баланың бақылауынсыз сөйлеу 
тілі мүшелеріндегі жәнемимикалық бұлшық еттерініңырықсыз (еріксіз 
күшпен) қимылдауы. Мұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайдабайқалады, 
бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді. Сөйлеу мүшелері 
құрысады, тілі тартылады және дауысы үзілмелі болады. Кейде ерінсіз 
айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып – жарып шығатыны байқалады. 
Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесекерісінше 
сөздерін бөліп-бөліп айтады. Ми қыртыс асты дизартриясының ерекшелігі 
сөйлеу тілінің шапшандығы, ырғағы, сарыны жағынан ұқастығының 
бұзылуымен сипаттанады. 
3. Мишық дизартриясы. Қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде 
жеке дыбыстардың шанқылдап қатты естілуімен сипатталады. Мишық 
дизартриясының таза түрі балаларда сирек кездеседі. 


51 
4. Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және 
бөліп алу өте қиын ақаулық. Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу 
мүшелерінің дыбыстардың айтылу кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми 
қыртысы дизартриясында дыбыстардың айтылуындағы көріністер бойынша 
қозғаушы алалияға ұқастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық – 
дыбыстық айтылуы бұзылады. Баланың бір дыбыстан екінші дыбысқа, 
сөйлеу тілі мүшелерінің бір қалыптығы түрінен екіншісіне қозғалып 
қимылдау қиындайды.
5. Жалған сопақша ми дизартриясы балаларда ең жиі кездесетін 
ақаулық түрі. Бұл баланың жас кезендегі, босанып жатқан уақытта 
жәнеқұрсақтағы кезеңінде энцефалит, құрсақішіндегі зақымдануы, ісік, 
интоксикация және т.б. ауруларға шалдығуларының салдарынан мидың 
органикалық зақымдану нәтижесінде пайда болады. Жалған сопақша мидың 
сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы 
мүшелері бұзылады. Нәресте нашар емеді, шашалады, қақалады,нашар 
жұтады, бет бұлшық еттері бұзылады. Жалған сопақша ми дизартриясының 
үшдеңгейі бар: жеңіл, орташа, ауыр. 
I. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл дәрежесі сөйлеу тілі 
мүшелерінің қимыл - қозғалыстырындадөрекі бұзылуларының 
болмайтындығымен сипатталады. Сөйлеу тілі мүшелерінің кездесетін 
кемістіктер: тілі және еріндері салбырап жай қимылдайды
сондайақбағытын дұрыс ұстай алмайды. 
II. Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіндегі 
балалардың толып жатқан топтары бар. Кемістіктердің ерекшеліктері 
беттерінің бұлшық еттері қимылдамайды. 
III. Жалған сопақша ми дизартриясының анартрия деп аталатын ең 
ауыр дәрежесі бұлшық еттерінің қатты зақымдалуы және сөйлеу тілі 
мүшелерінің мүлде жұмыс істемейтіндігімен сипатталады. 
Анатомиялық сипатын тексеру, содан кейін логопед тексереді: 
1. Еріннің қимылдары: қабысу, керілу, алға созылуы. 
2. Астыңғы жақтаң қимылдауы: ауызды ашу және жабу. 
3. Тілдің қимылдары: алға - артқа, жоғары - төмен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет