Абдуллина г. К


 Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

2.3 Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен 
байланысты тілдік бұзылулар 
 
Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен байланысты 
болатын тілдік кемістіктер: тұтығу, аутизм, мутизм және сурдомутизм.
Тұтығу тыныс алу мен дауыс бұлшық еттеріндегі тоникалық 
тырысқақтардан басталады. Тұтығудың физиологиялық механизмі сөйлеу 
барысындағы тыныс шығарудың бұзылуымен байланысты. Тырысқақтар 
біртіндеп артикуляциялық аппараттардағы бұлшықеттерге ауысады. Сөйлеу 
барысында тұтығатын адамның тыныс алуы бұзылып, бұлшықет тонусының 
артуы байқалады. Тұтығудың мынандай түрлері бар: тоникалық тұтығу – 


52 
бала аузын ашып, сөйлей алмай, алғашқы буында тұтығады (к-к-к-кітап); 
клоникалық тұтығу – соңғы буында тұтығады (кіта-а-а-а-ап).
Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан 
тексеруді жан-жақты, комплексті жүргізу қажет. Олар медициналық, 
логопедиялық және психологиялық. Медициналық тексеруді дәрігер 
психоневролог немесе невропотолог жүргізеді. Мұнда баланың туған 
кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерді анықтайды. Тұтығудың жедел 
және созылмалы (жүйке жүйелік немесе невротикалық) түрлері 
ажыратылады. Жедел түрінде – кекештік біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 – 5 
жас аралығындағы балаларда (көбіне ер балаларда) кездеседі. Баланың 
жүйке жүйесі тұрақтылығына жағымсыз факторлардың (баланы қорлау, 
жазалау, ашушаңдық, ызақорлық, т.б.) салдарынан тұтығу мен кекештену 
пайда болады. Сондай-ақ, баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі, 
баланың туған-туыстарының тез сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту 
және т.б. кекештіктің пайда болуына әкеледі.
Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр түрлі жарақаттардың әсерінен 
орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан, отбасындағы келіспеушілік 
жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мұндай балаларда сөз сөйлегенде 
бірте-бірте тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі байқалады. Сөйтіп, баланың 
мінезінде өзгеріс (ашуланшақтық, әлсіздік) пайда бола бастайды.
Кейде неврозға ұқсас кекештікті байқауға болады. Мұндай кезде 
баланың қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы жиі 
қайталанады. Мінезінде селқостық пайда болады. Бірақ сөйлеу алдында 
оларда қорқыныш болмайды. Мұндай балалардың жүйке жүйесін 
тексергенде, онда күрделі өзгерістердің бар екендігі анық байқалады.
Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз 
болады. Өзінің бойындағы кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет 
жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады. Сөйлегенде беті 
қызарып, терлеп кетеді, бір сөзді бірнеше рет қайталауы мүмкін (мыс., 
«керек болса», «міне осындай», т.б.). 11 – 13 жаста қиын сөздерден қашып, 
сөйлей алмай кідіру немесе сөйлеу кезінде басқа бір сөзді қосып жіберу 
арқылы кемістігін байқатпауға тырысады. Бірақ бұлай істеудің де зиянды 
жағы бар. Қосымша сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетсе, бала өмір бойы 
таза сөйлей алмай қалуы мүмкін. 25 – 30 жасқа келгенде, әдетте, кекештік 
басыла бастайды, ал жасы ұлғайған адамда өте сирек кездеседі.
Баланың тілінде тұтығу кемістіктері білінісімен дәрігер-невропатолог 
пен логопедке көрсетуі керек. Кекештікті дәрі-дәрмекпен және 
психокоррекциялық – тренингтік әдіс-тәсілдермен қалыпқа келтіреді.
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір 
мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының 
уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір 
ақаулықтардың 
көрінуіне 
байланысты 
олардың 
бір-бірінен 
айырмашылықтары да әртүрлі. Әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық 
және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі салаға бөлінеді: 


53 
дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының 
бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу 
тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады. Тіл кемістігі күрделілігі жағынан
қарағанда жалпы оқытуда кедергі тудырмайтын және ауыр, арнаулы 
оқытуды талап ететін түрі болады. 
Невроз – жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларының бірі. 
Невроз – жүйке жүйесінің шамадан тыс зорлануы. Невроздар 
амбулаториялық және клиникалық мекемелерде жиі кездесетін психикалық 
ауруларға жатады. Қазіргі уақытқа дейін «неврозды ауру немесе науқастану 
қатарына жатқызуға болама» деген пікірлер болған және әлі де жалғасуда. 
Дегенмен психиатрияның кейбір салаларында невроздың көріністері мен 
белгілерін топтастыруға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Невроздың клиникалық, психоаналитикалық тұрғыдан анықтамалары 
бар. Клиникалық анықтамасы: невроздар – өзіне тән психикалық 
симптомдары (тежелу, көңіл-күйдің бұзылуы, үрей, қорқыныш, жабысқақ 
ойлар, психикалық автоматизмдер) немесе соматикалық ауытқу-бұзылулары 
(әсіресе шағын сипатты функционалды шағымдары) бар аурулар және 
тұлғалық ерекшеліктер мен мінез-қылықтық өзгерістерде көрінеді. Ағымы 
созылмалы түрінде жиі кездеседі. Невроздардың пайда болуы негізінен 
психореактивті деп саналады, ал психоаналаитикалық тұрғыдан: невроз 
балалық кездегі психикалық дамудың бұзылуы (ауытқуы) нәтижесінде пайда 
болатын психикалық ауру. 
Ал невропатология ғылымы саласында неврозды:– қозу мен тежелу 
жүйке үрдістері бұзылуынан болатын жүйке жүйесінің функционалды ауруы. 
Невроздың негізгі себебі психикалық жарақаттар. Невроздарды – психогенді 
патологиялық реакциялар немесе психиканы жарақаттайтын жағдайларға 
жүйке жүйесі реакциясының формасы деп санайды. 
Неврозды жүйелеу жайлы бірнеше бағыттар болғанымен, олардың 
неврозды топтастыруда өзара ынтымақтастығы жоқ. Симптоматикасына 
қарай психоневроздар мен ағзалық невроздар және мінез-қылық невроздарын 
ажыратады. Психикалық невроздар симптомдарының кейбіреулері өз-өзіне 
сенімсіздік, тежелу, қарым-қатынасқа түсудегі қиындықтар, көңіл-күйдің 
бұзылуы және вегетативті симптомдар ретінде көп жағдайларда кездеседі. 
Мұндай жағдайлар невроздың жекеленген түрлерін айқындайды, мысалы: 
фобиялар, жабысқақтық, оқшаулану. Арнайы симптомдар жекелей де және 
кейбір психикалық ауруларда да дәл сондай түрлерінде пайда болуы мүмкін.
Соматикалық симптомдар көптеген невроздың әртүрлі формаларында 
кездеседі. 
Ағзалық 
невроздар 
психосоматикалық 
бұзылулардан 
терминологиялық және клиникалық жағынан ешбір айырмашылықтары жоқ. 
Мінез-қылық невроздары тұлғаның клиникалық бұзылуларымен, тұлғаның 
белгілі көріністерімен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет